2024-2025 оқу жылына арналған ПОҚ бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды



    • 2024-2025 оқу жылына арналған ПОҚ бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

      "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ 2024-2025 оқу жылына арналған ПОҚ және институттардың басшы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

      Қажетті құжаттар тізімі:

      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар Басқарма Төрағасы-Ректордың атына өтініш (1 Қосымша) береді. Өтінішпен бірге мына құжаттарды тапсырады:      

      1. кадр есебі бойынша жеке іс-парағы;
      2. өмірбаяны (2 Қосымша);
      3. үміткердің сауалнамасы (4 Қосымша);
      4. жоғары білімін растайтын диплом (қосымшасымен бірге), академиялық және ғылыми дәрежесінің нотариалды куәландырылған көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат;
      5.  қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда), халықаралық тілдік курстардан өткені туралы сертификат (IELTS/TOEFL/PTE/FCE) және салыстыру үшін түпнұсқалар (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      6. кафедра меңгерушісі/Бағдарламалық көшбасшы және Қоғамның Ғылыми кеңесінің ғылыми хатшысы куәландырған, педагог қызметкердің (автор) қолы қойылған, конкурстан өту алдындағы кезеңде жарияланған ғылыми жұмыстары мен өнертабыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
      7. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 4 қарашада №21579 болып тіркелген, Денсаулық сақтау министрі м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтамасы.
      8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің есептері бойынша адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;
      9.  сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға үміткер үшін).

      Конкурсқа қатысатын штаттық педагог қызметкерлер үшін:

      • толтырылған сауалнамалар ақпараттың дұрыстығына Бағдарламалық көшбасшының қарастырылуына беріледі.
      • Қарау нәтижелері бойынша, анықталған ескертулер мен түзетулерді ескере отырып, Бағдарламалық көшбасшылар Сауалнамаларды бекітеді.
      • Кафедраның үш жетекші маманын қатыстыра отырып, конкурсқа қатысатын штаттық педагог қызметкерлердің қызметін бағалау үшін «Оқытушының қызметін бағалау жөніндегі сауалнаманы» (5-Қосымша) толтырады.

       Университет сайтында https://qyzpu.edu.kz/rukz ("Вакансия" бөлімінде) Сіздер әрбір институт бойынша бос лауазымдар тізімімен таныса аласыздар.

      Егер сіз конкурсқа қатысуға қызығушылық танытсаңыз, құжаттарды конкурс жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн (қоса алғанда) жіберулеріңізді сұраймыз

      Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.

      Конкурстық құжаттарды сканерленген нұсқада электрондық пошта арқылы ұсынуға болады (hr@qyzpu.edu.kz), мекенжайы бойынша пошта арқылы жіберу: 050000, Алматы қ., к-сі. Әйтеке би 99, 126 кабинет.

      Құжаттар қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: 050000, Алматы қ., к-сі. Әйтеке би 99, 126 кабинет.

      Анықтамалар үшін телефондар: +7 (727) 237 00 02, + 7 777 647 15 89, + 7 702 261 35 17

       

      Бөлісу: