Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ғылым мен білімнің рөлі: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында эссе байқауы жарияланды



    • Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ғылым мен білімнің рөлі: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында эссе байқауы жарияланды

      2024 жылы 26 сәуірде қазақтың көрнекті ғалымы, Ұлттық Ғылым академиясының негізін қалаушы, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ғылым мен білім берудің рөлі: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында эссе байқауы өтеді.

      Қарастырылатын басым бағыттар:

      • Сапалы білім;
      • Гендерлік теңдік;
      • Климаттың өзгеруіне қарсы күрес;
      • Тұрақты даму мүдделердегі әріптестіктер.

      Байқауға магистранттар мен докторанттар қатыса алады.

      Байқаудың өткізілуі: оффлайн форматта жүзеге асырылады, компьютерлік құрылғыда берілген уақытта жазылып, тиісті крийтерийлер бойынша конкурстық комиссия арқылы бағаланады.

      Өткізілу орны және уақыты: 26 сәуір сағ.11:00

      Жазылу тілі: қазақ, орыс және ағылшын.

      Эссе соңында автор туралы ақпарат болуы керек (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, мекеменің немесе ұйымның атауы, қала). «Үздік эссе» 100 мың теңгелік сертификатпен және дипломмен марапатталады.

      • Эссеге қойылатын талаптар
      • Эссе нақты құрылымға (кіріспе, негізгі бөлім (дәлелдер мен мысалдармен) және қорытынды) ие болуы керек.
      • Эссе фактілер мен мысалдармен дәлелденген тұжырымдарға негізделіп жазылуы керек.
      • Эссе мәтіні грамматикалық және стилистикалық қателерсіз сауатты және жүйелі болуы керек.
      • Байқауға қатысушы мәселеге өзіндік көзқарасын көрсете отырып, талқылау тақырыбында өз ойлары мен идеяларын ұсынуы керек.
      • Ұсынылатын эссе көлемі 1000 сөзге дейін.

      Бағалау критерийлері

      • Тақырыпқа сәйкестік. Автордың тақырыптың негізгі аспектілерін қаншалықты жақсы түсінуі және талдай алу қабілеті бағаланады.
      • Талдау тереңдігі. Автор мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастар мен аспектілерді ұсына отырып, тақырыпты қаншалықты терең талдайтынын көрсетеді.
      • Дәлелдеу және мысалдар. Тақырыпты ашу үшін қандай дәлелдер мен мысалдар келтірілгендігі, және олардығ нақытылығы.
      • Құрылымы және дизайны. Эссе құрылымын, оның логикасы мен дәйектілігін, сондай-ақ жазу жүйелілігін бағалау.
      • Ойлаудың өзіндік ерекшелігі мен шығармашылығы. Автордың қарастырылып отырған мәселеге жаңа идеялар мен өзіндік тәсілдерді ұсыну мүмкіндігі.
      • Тілдік сауаттылық. Эссе тілінің грамматикалық және стилистикалық дұрыстығын, ғылыми терминологияны орынды қолдану мен сапасын бағалау.

      Эссе жазу кезінде электрондық құрылғылар мен гаджеттерді пайдалануға, ғаламторға қолжетімділікке шектеу қойылады.

      Толығырақ ақпарат үшін байланыс:  +7 708 330 55 77

      nauka@qyzpu.edu.kz

      Кантаева Құралай Аббасқызы

      Ғылым саласын басқару және дамыту бөлімі

       

      Бөлісу: