ORHUN: Якорь СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ МОБИЛЬДІЛІК
-
16 сәуір, 2024
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше университеттер «ORHUN» академиялық алмасу бағдарламасы аясында 2024-2025 оқу жылының күзгі және көктемгі семестрлеріне бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша және ғылыми-педагогикалық құрамға арналған квоталар жариялады. Өтінім 2024 жылдың 25 сәуіріне (қоса есептегенде) дейін жалғасады.
Студенттер үшін өтінім беруге қажетті құжаттар:
1) транскрипт;
2) шетелдік паспорт
3) В2, С1 деңгейіндегі шетел тілі сертификаты (Лингвистикалық орталықтар, Түрік тілін үйрету орталығы (TÖMER), Юнус Емре атындағы түрік мәдени орталығысертификаты).
Ғылыми-педагогикалық құрам үшін өтінім беруге қажетті құжаттар: В2, С1 деңгейіндегі шетел тілі сертификаты (Лингвистикалық орталықтар, Түрік тілін үйрету орталығы (TÖMER), Юнус Емре атындағы түрік мәдени орталығы сертификаты).
«ORHUN» бағдарламасына өтінім беру талаптары:
1) Білім алушылардың орташа үлгерім бағасы (GPA) кемінде 3.00 болуы керек.
2) Студенттер «ORHUN» бағдарламасын кем дегенде 1 семестр; ғылыми-педагогикалық құрам кем дегенде 2 апта, ең көп дегенде 1семестр пайдалана алады.
3) Ғылыми-педагогикалық құрамның ұтқырлық бойынша атқаратын академиялық жұмыстары аптасына жалпы 6 сағаттан аз болмауы керек,сондай-ақ соңғы 3 жылда «ORHUN», «MEVLANA» ұтқырлық бағдарламаларына қатыспаған болуы шарт.
Қосымша сұрақтар бойынша университеттің Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуға болады.
Бөлісу: