9-10 сыныптардың оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиада өткізіледі
-
15 наурыз, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану институтының ұйымдастыруымен химия, биология, география пәндері бойынша мектептердің 9-10 сыныптардың оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиада өткізіледі.
Өткізілу мерзімі: 19 сәуір 2024 ж.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Өткізу формасы: оффлайн.
Олимпиадаға қатысуға өтінім беру: 2024 жылдың 20 наурыздан 10 сәуірге дейін.
Олимпиаданың мақсаты: орта білім беретін оқу-тәрбие ұйымдарындағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаратылыстану пәндеріне және ғылымға деген қызығушылықтарын дамыту.
Олимпиада жеңімпаздары І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Олимпиадаға қатысу: олимпиаданың 2 кезеңіне мектепішілік іріктеудің 1 кезеңінен өткен 1-3 орын иегерлері (9 және 10 сынып үшін бөлек) ғана жіберіледі. Барлық шығындар (келу, кету, тамақтану, тұратын орын) жіберуші мекеме тарапынан өтеледі. Олимпиадаға қатысушы тек бір пән бойынша ғана қатысады.
Олимпиада бағдарламасы:
19 сәуір (Гоголь 114/1, Л1-дәрісхана)
09.00 - қатысушыларды тіркеу, 09.30 –олимпиаданың салтанатты ашылуы
19 сәуір (Гоголь 114/1, бас оқу ғимараты, 3 қабат)
- 10.00 –секциялар бойынша олимпиада жұмысының басталуы
- 17.00- қорытынды шығару және олимпиаданың жабылуы (Гоголь 114/1, Л1-дәрісхана)
Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Гоголь 114/1, бас оқу ғимараты, 3 қабат Жаратылыстану институты
Байланыс телефондары:
- Химия пәні бойынша: +77057257148 – Керимбай Фарида Хаитмурадовна
- Биология пәні бойынша: +77021682493 – Рахимова Заида Сериковна
- География пәні бойынша: +77023265748 – Оспанбаева Айдана Амангельдыкызы
Олимпиадаға қатысу парағын толтырып, төмендегі почтаға жіберіңіз:
- Химия бағыты бойынша: kerimbay.f@qyzpu.edu.kz
- Биология бағыты бойынша: rahimova.z@qyzpu.edu.kz
- География бағыты бойынша: ospanbayeva.a@qyzpu.edu.kz
Химия, биология және география пәндерінен пәндік олимпиадасына қатысу үшін (әр қатысушыға толтырылады және нақты пәннің астын сызу қажет)
Қатысу өтініші
Қатысушы___________________________________________________________
(толық аты-жөні құжат бойынша)
Туған күні___________________________________________________________
Жеке куәлік №________________________________________________________
Оқу тілі______________________________________________________________
Сыныбы_____________________________________________________________
Мектеп нөмірі ( толық атауы )___________________________________________
Мектептің мекен жайы (облыс, қала, аудан, ауыл)__________________________
Олимпиадаға таңдаған пәні _____________________________________________
Қатысушының байланыс телефоны ______________________________________
Қатысушының e-mail __________________________________________________
Жетекшінің аты-жөні, қызметі және оның байланыс телефоны, электрондық поштасы______________________________________________________________
Күні, айы, жылы_______________________________________________________
Бөлісу: