«Балаларды ерте жастан дамыту мен отбасы мәселелері: зерттеулер және тәжірибелер» халықаралық конференциясы
-
15 наурыз, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдығына орай 2024 жылдың 17-18 сәуір аралығында өтетін «Балаларды ерте жастан дамыту мен отбасы мәселесі: зерттеу және тәжірибе» атты Халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция қатысушалары:
- зерттеуші ғалымдар;
- колледж және ЖОО-ның профессор-оқытушылары;
- докторанттар, магистранттар, студенттер мен жас ғалымдар;
- мектепке дейінгі ұйым басшылары мен тәрбиешілері.
Конференцияның негізгі мақсаты: Балаларды ерте жастан дамыту және отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелерін талқылауда диалогтік алаң құру, ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, тәжірибелерімен бөлісу.
Конференцияның өтетін күні: 17-18 сәуір 2024 жыл.
Конференцияның өтетін орны: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Гоголь к-ші, 114. АКТ залы.
Конференция бағыттары:
- Балаларды ерте жастан дамытудың үздік тәжірибелері мен инновациялары;
- Балаларды ерте жастан дамытудың білім беру ортасын құру;
- Отбасы мәселесі және оған қолдау көрсету;
- Инклюзивті білім беру.
Толығырақ ақпараттық хатпен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: ақпараттық хат
«Балаларды ерте жастан дамыту мен отбасы мәселелері: зерттеулер және тәжірибелер» халықаралық конференциясына қатысушылардың онлайн тіркелу сілтемесі
Бөлісу: