14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Махаббатпен кітап сыйла» атты мереке
-
12 ақпан, 2024
Мақсаты: оқырмандарды жақсы кітап оқуға ынталандыру, бір-біріне кітап сыйлауға шабыттандыру және қағаз кітап әрқашан құнды сыйлық болып қала беретінін ұғындыру, өзара сыйластықты қалыптастыру. Мерекенің қағидасы бойынша бұл күні барлық адам бір-біріне кітап сыйлағаны абзал. Қазіргі таңда көптеген елде осы мереке аталып өтуде. Іс-шарада кітапхана қорындағы мотивациялық кітаптар жиынтығынан кітап көрмесі ұсынылып, мерекелік іс-шара өз жалғасын табады. Сонымен қатар, отандық баспа басылымдары кітап жәрмеңкесін ұйымдастырады.
Қатысатын баспалар мен кітап дүкендері:
- «Отбасы хрестоматиясы» баспа үйі
- «Зият» кітап дүкені
- «QAZYNA&Ummastore» кітап дүкені
- «Steppe&world» кітап дүкені
- «Қасым» баспасы
- «Абай» баспасы
- «Marfu shop» кітап дүкені
- «Kitapal» кітап дүкені
- «Qyr balasy» баспасы
- «Mazmundama» баспасы
Сізді және Сіз басқарып отырған институттың оқытушылар құрамы мен студенттерін кітап жәрмеңкесін тамашалауға шақырамыз.
ШАҚЫРАМЫЗ КЕЛІҢІЗДЕР! КІТАП СЫЙЛАУҒА АСЫҒАМЫЗ!
Өтетін орны: Кітапхана фойесі
Уақыты: 14 ақпан, сағат 11.00-17.00
Бөлісу: