Профессорлық-оқытушылық құрамы арасында келесідегідей байқаулар өткізілетіні туралы хабарлаймыз



    • Профессорлық-оқытушылық құрамы арасында келесідегідей байқаулар өткізілетіні туралы хабарлаймыз

      Академиялық бағдарламаларды әзірлеу бөлімінің ұйымдастыруымен профессорлық-оқытушылық құрамы арасында келесідегідей байқаулар өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

      • «Үздік силлабус» байқауына қатысушы үміткерлер болып Университеттің барлық штаттық профессорлық- оқытушылық құрамы қатыса алады.
      • «Үздік жас оқытушысы» байқауына қатысушы үміткерлер болып 25-40 жас аралығындағы Университетте кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілі бар штаттық оқытушылар қатыса алады.
      • «Үздік семинарлық сабақ» байқауына қатысушы үміткерлер болып Университетте кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілі бар барлық штаттық оқытушылар қатыса алады.

      Байқаулар III (үш) кезеңмен өтеді:

      • I кезең – үміткерлердің құжаттарын тиісті Ережелерге сәйкес жинау және іріктеу - 22 қаңтардан 20 ақпанды қоса алғанда.
      • II кезең – тиісті Ережелерге сәйкес қатысушыларды тыңдау, талдау, сабақтарға қатысу 21 ақпаннан по 20 наурызға дейін.
      • III кезең (қорытындылау) – Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды анықтау 25 наурыздан 19 сәуірге дейін.

      Жоғарыда аталған барлық Байқаулардың жеңімпаздары ақшалай және дипломдармен марапатталады. Байқаулар туралы толық ақпаратты Академиялық бағдарламаларды әзірлеу бөлімі (Бас оқу ғимараты, 121 кабинет) арқылы алуға болады.

      Толығырақ анықтама алу ушін + 7 701 284 14 19  телефонына хабарласуыңызға болады  

      Бөлісу: