2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру



    • 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы  хабарландыру

      «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың өткізілетінін хабарлайды.Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ  https://www.gov.kz/memleket/entities/science?lang=ru, «Ғылым Қоры» АҚ https://science-fund.kz/ және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – Сараптама орталығы) https://www.ncste.kz/ru/competition сайттарында орналастырылған.

      Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі: 2023 жылғы 19 желтоқсан.

      Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі: 2024 жылғы 22 қаңтар.

      Конкурстық өтінімдер жобалау тобы мүшелерінің, жобалау тобы басшысының және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық түрде Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ААЖ) www.is.ncste.kz сілтемесі бойынша қабылданады.

       Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін Сараптама орталығының ААЖ-мен жұмыс істеу бойынша кеңес беру мына телефондар арқылы алуға болады: +7 727 355 5002 (ішкі 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228). Жұмыс уақыты:жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

      Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны 2023 жылғы 19 желтоқсаннан 2024 жылғы 19 қаңтарға дейін алуға болады:

      Телефон арқылы: +7 7172 76 85 76 (ішкі нөмірлері 1051, 1057), +7 7172 76 85 78, 26 63 59 (ішкі нөмірлері 1012, 1014, 1021, 1032). Жұмыс уақыты: жұмыс күндері Астана қ. уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.

      Онлайн конференция бойынша: https://us06web.zoom.us/j/88204204486?pwd=7w0YycZcHtC661cKct6S8aIYbbzfBg.1, Zoom ID: 882 0420 4486, құпия сөзі: 2024. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері Астана қ.уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

      Конкурс бойынша презентация

       

      Бөлісу: