2023 - 2024 оқу жылына Қазұлтқызпу-нің PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы



    • 2023 - 2024 оқу жылына Қазұлтқызпу-нің PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы өтініштерді қабылдау app.testcenter.kz

      Өтініш беру мерзімдері:

      3 шілде - 3 тамыз ,25 қазан - 10 қараша 

      Түсу емтиханы:

      4 – 20 тамыз,19 қараша - 11 желтоқсан

      Қабылдау уақыты:

      15-28 тамыз, 26 желтоқсан - 10 қаңтар

      2023 - 2024 оқу жылына Қазұлтқызпу-нің PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Білім беру бағдарламалары тобының атауы және коды

      Орын саны

      Орын саны оның ішінде мақсатты орындар

      Ұйым атауы

      1

      D010 - Математика педагогтерін даярлау

      2

      0

       

      2

      D011 - Физика педагогтерін даярлау

      2

      0

       

      3

      D012 - Информатика педагогтерін даярлау

      3

      0

       

      4

      D014 - Биология педагогтерін даярлау

      3

      1

       

      5

      D015 - География педагогтерін даярлау

      1

      0

       

      6

      D017 - Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

      4

      0

       

      7

      D018 - Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау

      5

      0

       

      8

      D060 - Филология

      3

      0

       

      9

      D089 - Химия

      1

      0

       

      10

      D090 - Физика

      1

      0

       

      Максатты орындар

      1

      D014 – Биология мұғалімдерін даярлау

       

      1

       

      Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

      2

      D019-Шет тіл педагогтерін даярлау

       

      1

      3

      D003 - Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау

       

      1

      Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:

      • Басқарма Төрағасы-Ректордың атына оқуға қабылдау туралы өтініш;
      • Жоғары білімі туралы құжат қосымшасымен (түпнұсқа);
      • Жеке басын куәландыратын құжат-2 көшірме;
      • Шетел азаматтарын қоспағанда, ҰТО-мен берілген мемлекеттік тіл емтиханын (ҚАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы анықтама;
      • Шет тілін білуді растайтын сертификат:

      Ағылшын тілі бойынша:

      • IELTS Academic, шекті балл – 5,5 кем емес;
      • TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 46 балл;
      • TOEFL ITP, шекті балл – кемінде 460 балл (TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханына дейін ағылшын тілін білуге ​​қосымша тестілеуден өтеді (кемінде 75 балл жинау керек));

      Неміс тілі бойынша:

      • DSH, Niveau B2 – В2 деңгейінен төмен емес;
      • TDF Niveau B2 – В2 деңгейінен төмен емес;

      Француз тілі бойынша:

      1. TFI - В2 деңгейінен төмен емес;
      2. DELF – В2 деңгейінен төмен емес;
      3. DALF - В2 деңгейінен төмен емес;
      4. TCF - В2 деңгейінен төмен емес;
      5. 075/У формалы медициналық анықтама флюорография суретімен;
      6.  3*4 см. көлеміндегі 4 фотосурет;
      7. Шетел азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі 9 айдан кем емес болуы тиіс);
      8. Соңғы 3 жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі, зерттеу жоспары (бар болған жағдайда).

      Ескерту:

      • 4,5,8 -тармақтардағы құжаттар түпнұсқаларымен бірге көшірмелері де ұсынылады, салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады;
      • жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық емес тізімін ұсынған жағдайда, қабылдау комиссиясы оқуға түсушіден құжаттарын қабылдамайды;
      • шекті балл 75 баллдан кем болмау керек;
      • құжаттарды тапсыру кезінде өтініш беруші бір ЖОО-н және бір ғана білім беру бағдарламаларының тобын таңдай алады.

      Докторантураға түсу емтиханы келесі қадамдардан тұрады:

      • өтініш берушімен ЖОО-ң емтихан комиссиясы өткізетін әңгіме-сұхбат;
      • эссе жазу;
      • докторантураға түсуге дайындықты анықтауға арналған тестілеу;
      • білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар;

      Қабылдау емтиханы 4 сағат 20 минут, оның ішінде:

      • Әңгіме-сұхбат үшін – 20 минут,
      • Дайындықты анықтау үшін – 50 минут,
      • БББ профилі бойынша эссе және емтихан сұрақтарын жазу үшін – 3 сағат 10 минут.

      Ескерту: 4 мен 20 тамыз аралығында алынған сертификат осы жылдың 1 желтоқсанына дейін ал 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында алынған сертификат келесі жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

      Бөлісу: