EBSCO компаниясының электронды ресурстарына тестілік қолжетімділік бар екенін хабарлаймыз
-
02 маусым, 2023
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің кітапханасы біздің университетте EBSCO компаниясының электронды ресурстарына тестілік қолжетімділік бар екенін хабарлайды.
Ресурстар екі түрге бөлінеді:
- EBSCOhost Research Databases: EBSCOhost платформасындағы ғылыми-зерттеу деректер базасы – (ғылыми мақалалардың деректер базасы, сондай-ақ электронды кітаптар жинақтары, монографиялар, конференциялардағы баяндамалар жинақтары және т.б.). Бұл ресурстар тобынан біздің университет келесі деректер қорына қол жеткізе алады:
- «Education Source» ғылыми журналдар деректер базасына, ол 1960 толық мәтінді журналдар (барлығы 3607 журнал индекстеледі), сонымен қатар 537 толық мәтінді кітаптар/монографиялар, білім беру тақырыптары бойынша 445 баяндамалар, 17 толық мәтінді конференция материалдары және басқа басылымдар еңгізілген. Сондай-ақ базада оқытушылардың практикалық сабақтарына арналған SimpleK12 бейнежазулары бар. Басылымдар тақырыптары қашықтан оқыту, онлайн педагогикадағы озық тәжірибелер, электрондық оқыту бағдарламалық қамтамасыз етуіне шолулар, қашықтықтан білім алушыларға арналған тапсырмалар мен емтихандар және т.б. оқу бағыттарын қамтиды.
- eBook Education Subscription Collection базасы – оқу орнын басқару, жоғары білім беруді дамыту, білім беру тарихы, педагогикалық психология, білім берудің принциптері мен тәжірибесі сияқты және білім беру, білім берудің әлеуметтік аспектілері, инклюзивті білім беру, мектептегі пәндерді оқыту және т.б салалар бойынша 4300-ден астам электронды кітаптарды қамтитын толық мәтінді басылымдар жинағы.
- Оқытушылардың кәсіби іс-әрекеттерінде қолдануға арналған материалдар (бұл топқа әртүрлі тақырыптар бойынша ақпараттық материалдар жинақтары, ғылыми эксперименттер жинақтары, әдістемелік ұсыныстар, студенттердің құзыреттіліктерін сипаттайтын стандарттар, сабақ өткізуге арналған әдістемелік материалдар және т.б. кіреді, бұл болашақ мұғалімдердің оқыту әдістері мен сабақ жоспарларын/сценарийлерін дайындау үшін пайдаланыңыз).
Бұл ресурстар тобынан біздің университет келесі платформаларға қол жеткізе алады:
- Science Information Reference Center – 1000-нан астам электронды кітаптар, энциклопедиялар мен анықтамалықтар, 220-дан астам толықмәтіндік ғылыми-көпшілік журналдар, сонымен қатар ғалымдардың өмірбаяндары, ғылыми эсселер, фото және бейне материалдары бар арнайы ресурс. Сондай-ақ бұл ресурста 1000-нан астам ғылыми тәжірибелер мен сабақ жоспарлары бар.
- Points of View Reference Center – сыни тұрғыдан ойлауды, коммуникативті дағдыларды дамыту және ағылшын тілін үйрену үшін пікірталастар өткізуге арналған оқу материалдарын қамтитын мамандандырылған платформа. Ресурста 570-тен астам тақырып бар, олардың әрқайсысында кіріспе материал, қарама-қарсы көзқарастарды талдау және пікірталас әдістемесі бар. Сонымен қатар, платформа пікірталас тақырыптары бойынша ғылыми журналдар мен электронды кітаптардың жарияланымдарымен орын алған.
- Read It! - ағылшын тілін үйренуге арналған ресурс. Read It! платформасында 1400-ден астам мақалалар мен бақылау тапсырмалары, сондай-ақ ағылшын тілін үйренуге арналған әдістемелік ұсыныстар, жұмыс дәптері, иллюстрациялар, диаграммалар мен инфографика, сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған әдістемелік материалдар бар.
Бұл ресурстарға https://search.ebscohost.com/ сілтеме бойынша қолжеткізуге болады.
Осы сілтемені басқан кезде сізге қажет платформаны таңдау керек, мысалы, EBSCOhost – ғылыми журналдармен және электронды кітаптар жинақтарымен жұмыс істеу үшін, немесе кез келген арнайы ресурс, мысалы: Science Information Reference Center, Points of View Reference Center или Read It!
Университет аумағында электронды ресурстарға кіру және қарау IP мекенжайлары арқылы жүзеге асырылады. Қашықтан қол жеткізу үшін сіз біздің кітапханадан алуға болатын пайдаланушы аты (логин) мен құпия сөзді (пароль) енгізуіңіз керек.
Ресурсқа қолжетімділік 2023 жылғы маусым айының аяғына дейін ұзартылды!
Осы мүмкіндікті пайдалануға асығыңыз – ғылыми және білім беру қызметіңізде EBSCO басылымдарын барынша тиімді пайдаланыңыз!
Бөлісу: