«Заманауи мұғалім - өз ісінің шебері» атты ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстелге шақырамыз



    • «Заманауи мұғалім - өз ісінің шебері» атты ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстелге шақырамыз

      Құрметті әріптестер және қонақтар!

      Сіздерді Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты «Кәсіптік білім» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заманауи мұғалім - өз ісінің шебері» атты ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстелге шақырамыз.

      Өтетін орны: Конференц залы. Офлайн.

      Уақыты: 21.04.2023 ж. 11.00

             Ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстелдің мақсаты: Жаңартылған білім беру мазмұнында туындап жатқан қиындықтар мен шығу жолдарын көрсету, сондай-ақ білім мазмұнының ерекшелігін талқылай отырып, жаңа заман педагогының болмысы қандай болу керектігін айқындап, мектеп, колледж, жоғары оқу орны арасында байланыс орнату.

      Ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстелге қатысуға мектеп, колледж басшылары мен мұғалімдері шақырылады.

      Ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстелге қатысу үшін 2023 жылдың 17 сәуіріне дейін баяндаманың мәтінін және өтінімді (өтініш формасы 1 қосымшада) Lei_84@mail.ru  электрондық поштаға жіберу қажет

       

      Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

      Марапаттау: Ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстелге қатысушыларға алғыс хат беріледі.

      Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне төмендегі телефондар арқылы хабарласа аласыздар:

      +7 771 404 37 34  Иманкулова Ляйля Болаткуловна

      https://docs.google.com/document/d/1V4M5kyCvH2_rsTykCNcFbjoPD0BrVvVj/edit?usp=share_link&ouid=108648842909455914052&rtpof=true&sd=true

      Бөлісу: