-
31 наурыз, 2023
«Академиялық қызметкерлердің университеттегі жұмысына қанағаттануын зерттеу» сауалнамаcы
Құрметті университетіміздің профессорлық-оқытушы құрамы!
Сіздердің назарыңызға «Академиялық қызметкерлердің университеттегі жұмысына қанағаттануын зерттеу» атты сауалнамаға сілтеме https://forms.gle/L1DuzQdsxFvxuAkp7 ұсынылады. Бұл сауалнама 30.03.2023 – 07.04.2023 жыл аралығында өткізіледі. Сауалнамаға сілтемеге өтіп немесе төменде көрсетілген QR-код арқылы жауап бере аласыз.
Сауалнаманың мақсаты – профессорлық-оқытушы құрамының университетіміздің академиялық бірліктері, басшысылары мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен қанағаттануын анықтау. Нәтижесінде алынған деректер біздің университеттің сапасын жақсартуға үлес қосады деп күтілуде. Сондықтан сұрақтарға шынайы жауап беруді, сауалнамадағы әрбір мәлімдемені мұқият оқып шығуды және олардың қаншалықты сіздің пікіріңізбен сәйкес келісетіндігі немесе келіспейтіндігін белгілеу сұралады.
Ұсынылған сауалнама формасында аты-жөніңіз сияқты жеке басыңызды анықтайтын ақпаратты жазу қажет етілмейді. Деректерді жинау және өңдеу кезінде анонимділік принциптері қатаң сақталады. Сауалнама нәтижелері тек жалпыланған түрде және университетттің сапасын жақсарту мақсатында қолданылады.
Академиялық сапаны қамтамасыз ету бөлімі сауалнаманың мазмұнына және алынған деректердің толық сақталуы мен өңделуіне жауап береді.
Құрметпен, Академиялық сапаны қамтамасыз ету бөлімі!
Бөлісу: