6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламаласы бойынша Республикалық пәндік олимпиада



    • 6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламаласы бойынша  Республикалық пәндік олимпиада

      Сіздерді «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ базасында 6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламаласы бойынша –-өтетін «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА СЕРПІЛІС!» атты Жоғарғы оқу орнындарының білім алушылары арасында өтетін Республикалық пәндік олимпиадаға шақырамыз!

      Олимпиаданың мақсаты – студенттердің білімі мен кәсіби шеберлігін шыңдауда, талантты жастарды анықтауда және олардың шығармашылық әлеуетін арттыруда, жоғары оқу орындарының 6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламаласы бойынша білімі мен шеберлігін шығармашылық үрдісте дамытып, болашақ мамандардың кәсіби құзырлығын байқау

      2. Олимпиада міндеттері:

      • Студенттердің оқу – танымдық және ғылыми-зерттеушілік қабілетін көтермелеу;
      • Студенттердің кәсіби  тұлғалық күш-қуатын, олардың өзіндік таным-білімін, шығармашылық бейімділіктерін ашу;
      • Студенттерді азаматтық көзқарасқа тәрбиелеу;
      • Білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби қатынасын қалыптастыру;
      • Қатысушылар арасындағы кәсіби – қарым қатынасты қалыптастыру;
      • 6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы студенттерінің  қызығушылығын арттыру, қатысушылардың шығармашылық және белсенді көзқарасын дамыту үшін жағдай жасау;
      • Болашақ мәдениет қызметкерлерінің кәсіби-шығармашылық потенциалын дамытуда инновацияны іске асыру.

       

      3. 6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы бойынша республикалық пәндік олимпиаданы өткізу тәртібі:

      Ұйымдастырушылар тарапынан:  техникалық аппаратуралар, led экран,  жарық және басқа да қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етеді.

                    6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы бойынша республикалық студенттік олимпиаданы ұйымдастырушылар ҚР білім беру бағдарламасын басшылыққа алып, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер» институты, «Хореография және Арт-менеджмент» кафедрасы өткізеді.. Республикалық пәндік олимпиадаға барлық курс студенттері қатыса алады. Әр ЖОО–нан пәндік олимпиадаға қатысу үшін әр топта 10-12  студенттерден аспауы қажет.

      6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы бойынша пәндік  олимпиада студенттердің  терең теориялық білімін ашуға, кәсіби  шеберліктері мен ұйымдастырушылық қабілетін қолдануға бағдарланған, әрі мәдени – тынығу мекемелері жүйесінде ұйымдастыру мен басқарудың заманауи әдістерін қолдануда болашақ мамандардың даярлық деңгейін анықтайды.

               Пәндік олимпиада екі кезеңнен өтеді: Жеке және топтық тұрғыда.

      І кезең:

      6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы бойынша олимпиадаға қатысушылар «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА СЕРПІЛІС!» тақырыбында  ғылыми-шығармашылық жобаны таныстырады. Жобаның мақсаты, проблемасы, шешу жолдары және күтілетін нәтижесі көрсетілуі тиіс. Берілген тақырып ұзақтығы 10 минут және регламентті сақтау міндетті болып табылады. Қорғау барысында интерактивті құралдарды (бейнематериалдар, презентация  фото және т.б) пайдалануға мүмкіндік беріледі. Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынуға болады.

       

      Ғылыми шығармашылық жоба жұмыстарын бағалау критерийі:

       

      50 балл

      Ғылыми-шығармашылық жоба мазмұны толықтай ашылған және маңызды, өзекті жобалар қатарына жатқызуға болады деп есептелсе;. 

      40-50

      Ғылыми-шығармашылық жоба тақырыбының ғылыми мәні  ашылып, ғылыми аппарат мақсаты мен міндеті көрсетілген болса;

      25-40 балл

      Ғылыми-шығармашылық жоба мазмұны ашылып, ғылыми аппарат мақсаты мен міндеті толығымен көрсетілмеген болып табылса;

      10-25 балл

      Ғылыми-шығармашылық жоба мазмұны ашылмаған, мақсаты мен міндеті айқын емес және маңызды жоба болып саналмаса.

       

      ІІ кезең:

      6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА СЕРПІЛІС!» тақырыбында композициялық қойылымды  сахналайды. Шығармашылық жұмысты бағалауда білім алушылардың оқу процесі барысында меңгерген «Режиссура», «Актер шеберлігі», «Сахна тілі», «Сахналық әрекеттің  техникасы», «Вокал», «Хореография» т.б пәндер бойынша алған білімдері мен дағдыларын жан-жақты көрсетеді.

      Әр шығармашылық жұмысқа берілетін уақыт: 15-20 минуттан кем болмауы тиіс.

       

      Шығармашылық жұмыстарды бағалау критерийі:

      Қатысушылардың топтық шығармашылық жұмыстары ІІ – турда 50 баллмен бағаланады.

       

      50 балл

      Кәсіби түрде сахналанған, режиссердің идеясы өте жоғары деңгейде  іске асырылған болса;

      40-50

      Шығармашылық жұмыс жоғары деңгейде сахналанған, көркемдік сюжеттік мәні жоғары, режиссерлік шешімі бар болса;

      25-40 балл

      Шығармашылық жұмыстың көркемдік мәні  толық ашылып, қойылымның  композициялық және   режиссерлік шешімі толық орындалмаған жағдайда;

      10-25 балл

      Шығармашылық жұмыстың тақырып мазмұны ашылмаған, сценарийдің идеясы мен көркемдік мәні толық ашылмаған жағдайда;

       

      4. 6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы бойынша  республикалық пәндік олимпиаданың қазылар алқасы құрамы:

      6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы бойынша өткізілетін республикалық пәндік олимпиаданың қазылар алқасының құрамы: ғылыми атағы, дәрежесі бар ПОҚ, ҚР еңбек сіңірген әртістері, Мәдениет қайраткерлері және кәсіби білікті мамандардан құрылады.

                 Қазылар алқасы құрамының шешімімен жеңімпаздар анықталады.

      Қазылар алқасының төрағасы шешім қабылдауда екі немесе бірнеше команда теңескен жағдайда  2 /екі/ дауыс беруге құқылы.

      5. 6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы бойынша республикалық пәндік олимпиаданың шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін қорытындылау тәртібі:

       Жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы диплом және алғыс хаттарымен марапатталады.

      1 орын – біреу;

      2 орын – екеу;

      3 орын – үшеу.

       6. Пәндік олимпиаданың ұйымдастыру комитеті

      6В11102-Мәдени-тынығу жұмысы білім беру бағдарламасы бойынша пәндік олимпиаданы өткізу мен даярлау процесінде ұйымдастыру - әдістемелік және көркем – шығармашылық мәселелерді шешу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.

      Ұйымдастыру комитеті олимпиада өткізу мерзімі мен формасын, тапсырмаларды бағалау межесі мен шартын өңдейді, өңдеген меже мен шарттарға сай тапсырмаларды бағалау мен тексеруге жауаптыларды тағайындайды, әрі қатысушылар берген аппеляцияны қарайды.

      Республикалық олимпиада нәтижесі барлық олимпиадаға қатысушылармен ғылыми – әдістемелік мәжілісте талқыланады.

      Уақыты мен өткізілетін жері:

      Пәндік олимпиада КеАҚ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде (Алматы қаласы) 2023 жылдың 30-31 наурыз айында өтеді.

      Пәндік олимпиадаға қатысушылардың өтініштері 2023 жылдың 25-ші наурызына дейін қабылданады.

      Қатысушылардың жол қаражаты, жатын орны мен тамақтануы  жіберуші ЖОО-ы тарапынан қаржыландырылуы тиіс.

      Жауапты: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті КеАҚ, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, Хореография және Арт-менеджмент кафедрасы

      Олипиадаға қатысуға өтінім

      ЖОО атауы _______________________________________________________

      Команданың атауы_________________________________________________

      Команда капитаны  ________________________________________________

      Қатысушының толық аты-жөні

      Курс

      1

       

       

      2

       

       

      3

       

       

      4

       

       

      5

       

       

      6

       

       

      7

       

       

       

      Команда жетекшісінің толық аты-жөні

      1. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
      2. Құрметті атағы:
      3. Лауазымы:
      4. Байланыс деректері, ұялы тел.:

      *Ескертпе: дипломдарды толтыру кезінде қателерді болдырмау үшін, олимпиадаға қатысуға өтініммен бірге қатысушылардың, команда жетекшісінің жеке куәліктерінің сканерленген көшірмелерін, сондай-ақ команда қатысушылары үшін оқу орнынан анықтаманы және команда жетекшісі үшін дәрежесі мен атағы көрсетілген жұмыс орнынан анықтаманы ұсынуды сұраймыз.

                     аға оқытушы, магистр                                          оқытушы, магистр

                     Коспагарова Асем Кабидолдаева                  Дүйсенбай Жамиля Ахмет-Алиқызы

                       +7 701 472 32 59                                                                 +7 775 455 08 06

      ӨТІНІШТЕР djmleee1@gmail.com  ЭЛ.ПОЧТАСЫ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ

      Толық ақпарат сілтемеде 

      https://docs.google.com/document/d/1m0PyTole5adztomtY6aMvKkQYffKzfOe/edi

      Бөлісу: