РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОНЛАЙН КОНКУРС



    • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ОНЛАЙН КОНКУРС

      ХАБАРЛАНДЫРУ !

      2023 жылдың ақпан айының 24 жұлдызында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті КеАҚ,  Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты, «Кәсіптік білім» кафедрасының ұйымдастыруымен колледж және мектеп оқушылары арасында «Бейнелеу өнері, этнодизайн және технология» атты Республикалық шығармашылық  онлайн- байқауы өтетіндігін хабарлаймыз!

      Байқаудың мақсаты мен міндеттері.
      1.1. Көркем шығармашылық саласындағы дарынды оқушыларды анықтау, танымдық қызығушылықтарын арттыру;
      1.2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, нақты шығармашылық шешімдерді іздеу;
      1.3. Оқушыларды рухани-эстетикалық дамуын жетілдіру;
      1.4. Шығармашылық жетістіктерімен алмасуға ықпал ету, шығармашылық байланыс орнату. 

      Байқаудың тәртібі мен шарттары: Байқау колледж және мектептің 8-11 сынып қыз балалар арасында жас ерекшелік категориясы бойынша өткізіледі.

      Жас ерекшелік бйынша топтар:

      1) «Орта топ» - 8-9 сынып оқушылары;

      2) «Үлкен топ» - 10-11 сынып оқушылары;

      «Бейнелеу өнері, этнодизайн және технология» тақырыбы бойынша  шығармашылық онлайн-байқауы екі бағыттарда өтеді:

      1. «Бейнелеу өнері» бағыты бойынша: «Ұлттық салт-дәстүрлер» тақырыптық, сюжеттік композиция орындау;

      2. «Этнодизайн және технология» бағыты бойынша: «Ұлттық дәстүр» тақырыбында композиция орындау.

      «Бейнелеу өнері» бағыты бойынша: конкурстық жұмыстар А2. формат қағазында (картонда) орындалады. Суреттерді кез-келген техникада жасауға болады (Аэрография, Қарындаштар, Пастельдер, Маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар, Акварельді бояулар, Гуашь, Акрил бояулары, майлы бояулар, аралас техникалармен және т.б.).

      «Этнодизайн және технология» бағыты бойынша: конкурстық жұмыстар көлемі 55х45 қағазда (картонда) немесе фетрда орындалады. Композицияны кез-келген техникада жасауға болады (қиынды маталардан құрақ, түрлі-түсті фетрдан жапсырмалау, түрлі-түсті журнал қағаздарынан коллаж, түрлі-түсті жүннен аралас техникалармен және т.б.).

      Сарапшы комиссия I – II- III орын алған байқау жеңімпаздарын анықтайды. Байқау жеңімпаздары мен жетекшілері дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады. Байқауға қатысқан барлық колледж және мектеп оқушыларына сертификат беріледі.

      «Бейнелеу өнері, этнодизайн және технология» Республикалық шығармашылық онлайн-байқауына тікелей Zoom платформасы арқылы 24.02.2023 ж. сағат 10.00 өтеді.

      Республикалық шығармашылық онлайн-байқаудың өтілуі және алдын ала тіркелу туралы қосымша мәліметті «Кәсіптік білім» кафедрасына жауапты:

      Телефон: +7 7015517798 Калдыбаева Гулмария Ауелхановна

       е-mail: gulmariakaldybaeva@gmail.com

      Телефон: +7771 6845956 Дайрбеков Руслан Касымжанович

       е-mail:  ruslandajrbekov@gmail.com

      Телефон:+7 7473717690  Отегенова Баян Нурахуновна

      е-mail:  е-mail: nurakyn.bayan@gmail.com

      Телефон:+7 7470103352  Бегешова Улжан Нугмановна

      е-mail: ulzhan.nugman2015@gmail.com  өтінім жіберу арқылы біле аласыздар.

      Бөлісу: