Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз!.
-
27 қазан, 2022
Сіздерді, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты «ГЕОМЕХАНИКАНЫҢ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК—МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУДІ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты техника ғылымдарының докторы, профессор Баймахан Рысбек Баймаханұлының 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылатын халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.
Күні: 2 желтоқсан
Өткізілетін орны: ҚазҰлтҚызПУ, Алматы қ., Гоголь к., 114, конф. залы 215
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі
I секция. ФИЗИКА ЖӘНЕ ГЕОМЕХАНИКА: ҒЫЛЫМ, ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
II секция. МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
III секция. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысуға шақырылады: профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер (жетекшімен авторлық бірлестікте), сонымен қатар колледждер мен жалпы білім беретін мектептердің оқытушылары.
Мақалаларды рәсімдеу тәртібі
Мақала мәтіні (5 бетке дейін) 6.0 (7.0) мәтіндік WORD редакторында «Tіmes New Roman» шрифтімен (шрифт өлшемі – 12, әр жол арасы – 1, барлық жағынан жол жиегі – 20мм, азат жол - 1.25см.) жазылуы тиіс.
Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, майлы бояумен мақаланың тақырыбы, бір жолдан кейін майлы бояумен автордың аты-жөні, келесі жолға курсивпен ғылыми дәрежесі, лауазымы, мекеме, қала аты, автордың e-maіl адресі жазылады.
Келесі жолда курсивпен – үш тілде түйіндеме және бір жол төмен мақаланың 5-тен кем емес кілттік сөздері жазылады.
Мақаланың негізгі мәтіні келесі жолда, мақаланың жазылған тілінде басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін көрсетіледі, әдебиеттер тізіміне сәйкес сілтемелер қою міндетті.
Конференцияға ұсынылатын мақалада ғылыми зерттеулердің көкейкестілігі, нәтижелері, практикалық маңызы ашылуы тиіс.
Мақаланың электрондық нұсқасы 2022 жылдың 20 қарашасына дейін e-mail: nysan.gulshat@qyzpu.edu.kz электронды адресіне жолдануы қажет.
Конференцияға қатысу ТЕГІН. Конференция жинағы PDF форматында жарияланады.
Конференцияның өту форматы: оффлайн және онлайн
Ескерту: Конференцияның талаптарына сай жазылмаған және уақытынан кеш жіберілген мақалалар қарастырылмайды.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы
050000, Алматы қ., Әйтеке би көшесі 99, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, № 205 каб.
е-maіl: fizmat.dekanat@qyzpu.edu.kz
Жауапты тұлғалар мен байланыс телефондары:
Нысан Гүлшат Мұқанқызы +7 707 508 5798;
1 секция бойынша: аға оқытушы Маханова Айгуль Сейсенбаевна +7 701 576 3443;
2 секция бойынша: аға оқытушы Сейтбекова Гульжан Оразбаковна +7 701 883 6054;
3 секция бойынша: аға оқытушы Рсалина Лаззат Азретовна +7 778 926 9788.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
ӘӨЖ: 543.04
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
А.С.Көпенбаева
PhD, аға оқытушы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
e-mail: amangul80@gmail.com
Түйіндеме.
Аннотация.
Аbstract.
Кілттік сөздер: 5 сөзден кем емес
Ключевые слова: не менее 5 слов
Keywords: not less than 5 words
Мақала ................................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- М.Құлбекұлы. Жалпы физика: Оқу құралы. – Алматы: Қарасай, 2017ж. - 448б.
- А.К. Кикоин, Молекулярная физика [Электронный ресурс]: учебное пособие / А.К. Кикоин, И.К. Кикоин. — Электрон. — Санкт-Петербург: Лань, 2008. — 480 с. — Режим доступа: https://e.lanbook.com/book/185
Білім алушылар үшін:
ӘӨЖ: 543.04
ЗАТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТАҚЫРЫБЫН ТҮСІНДІРУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ
А. Асанова
6B01504-Физика білім беру бағдарламасының 2 курс студенті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
e-mail: Asanova@gmail.com
Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы А. Көпенбаева
Түйіндеме.
Аннотация.
Аbstract.
Кілттік сөздер: 5 сөзден кем емес
Ключевые слова: не менее 5 слов
Keywords: not less than 5 words
Мақала ................................................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- М.Құлбекұлы. Жалпы физика: Оқу құралы. – Алматы: Қарасай, 2017ж. - 448б.
- Кикоин, А.К. Молекулярная физика [Электронный ресурс]: учебное пособие / А.К.Кикоин, И.К.Кикоин. - Санкт-Петербург: Лань, 2008. - 480 с. - Режим доступа: https://e.lanbook.com/book/185
Бөлісу: