«ӘБІРОВ ӘЛЕМІ» жобасы аясында Халықаралық және республикалық конференция өтпек



    • «ӘБІРОВ ӘЛЕМІ» жобасы аясында Халықаралық және республикалық конференция  өтпек

      2020 жылдан бастап «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Хореография және Арт-менеджмент кафедрасы қазақ сахналық биінің негізін қалаушылардың бірі Әбіров Дәурен Тастанбекұлының шығармашылық және педагогикалық жолын насихаттау мақсатында «ӘБІРОВ ӘЛЕМІ» жобасын іске қосты.

      Осы орайда «ӘБІРОВ ӘЛЕМІ» жобасы аясында Халықаралық және республикалық конференция өткізгелі отырмыз. Аталмыш конференция тәуелсіздік жылдарындағы ғылым, білім мен мәдениетіміздегі даму жолдары мен басқа мемлекеттердің озық ой толғамдарын саралау, сараптау болмақ.

      «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ сіздерді «ӘБІРОВ ӘЛЕМІ» жобасы аясында ұйымдастырылатын  «Көп мәдениетті қоғамдағы өнер: салт-дәстүрлер және инновациялар» атты IIІ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

       

      Өтетін күні: 15-16 қараша, 2022 жыл.

      Өтетін орны: Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, 215 кабинет (конференция залы).

      Конференцияның ресми тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

       

      Конференцияның негізгі бағыттары: 

      • Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Д.Т.Әбіровтің ұлттық би өнеріне және хореографиядағы тәуелсіздік жылдарындағы даму жолына қосқан үлесі.                                       
      • Ұлттық өнерді сақтау және дамыту.
      • Жаһандану жағдайындағы өнер мен мәдениеттің даму жолдары.
      • Өнердегі білім, ғылым бағытындағы өзекті мәселелер.

      Конференцияның мақсаты: Өнертану саласының өзекті мәселелерін талқылау және хореографиялық білім беру бағыттары мен оқыту жүйесіндегі инновациялық әдістері мәселелерін талдау, халықаралық деңгейдегі өзара байланыс және ынтымақтастық орнату, сондай-ақ Д.Әбіров еңбектерін өскелең ұрпаққа насихаттау.

      Конференцияға өнер және білім беру саласын зерттейтін ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар шақыртылады.

      Тіркеу шарттары: Конференцияға қатысу үшін мақаланың толық мәтінін электронды почтаға жіберу қажет: miras.smagulov@qyzpu.edu.kz

      Қатысу үшін мақала  талапқа сай болуы қажет.

      Мақаланы ұсынудың соңғы мерзімі - 10 қараша 2022 жыл. Конференцияға қатысу және баяндамалардың электронды жинағы тегін. Конференция қатысушыларына сертификаттар  беріледі.

       

      Өткізілген мақалалар электронды жинаққа жарияланудан бұрын  антиплагиатқа тексеріледі.

      Мақалаға қойылатын талаптар

      Көлемі 5-8 бетке дейін, MS WORD редакторында *docx, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

      Мәтін шрифті «Times New Roman» – 12. Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 2, оң жағы – 2 см. Аралық интервал – бір. Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде – қала, мемлекет. Мақалада сілтемелер автордың аты, жылы, қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (Манкеева, 1991:256). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

      Конференцияға ұсынылған мақалалар өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы және практикалық маңызы болуы қажет.

      Конференцияны ұйымдастыру кеңесі тағайындаған редакциялық алқа ғылыми мақалалар мен  баяндамалар стилистикалық және грамматикалық қателердің көп болуының себебінен конференция талаптарына сәйкес келмейтін қолжазбаларды қабылдамауға құқылы, сондай-ақ белгіленген мерзімнен кейін жіберілген қолжазбалар қаралмайды және авторға қайтарылмайды.

      Баяндамаға тіркеу нысаны қоса беріледі:

           Т.А.Ә:_____________________________________

           Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:______________

           Жұмыс орны:_______________________________ 

           Мекен жайы:________________________________

           Байланыс номері:____________________________

           Е-mail:______________________________________

           Баяндама атауы:_____________________

      Ұйымдастыру Кеңесінің мекен жайы:

      Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, 2 корпус, 306 кабинет

      Байланыс нөмері: Анипа Ерланқызы Кусанова 8(707)-246-7103

      Бәкірова Самал Әбілпатташқызы 8(702)-728-5355                                         

      Бөлісу: