Ғылыми конференцияға шақырамыз!
-
07 қазан, 2022
«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті», Жаратылыстану институты Химия кафедрасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 25 қарашасында өтетін «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады!)
Конференцияға қатысуға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттер, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері шақырылады. Конференцияның мақсаты: жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылым мен білімнің қазіргі даму тенденцияларын талқылау.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі: Секция 1 - Қазіргі таңдағы химия және химиялық технологияның негізгі мәселелері Секция 2 - Биология, өсімдіктер физиологиясы, биотехнология және экология салаларының инновациялық жетістіктері Секция 3 - Географиялық білім беру процесіне география ғылымындағы заманауи тенденциялардың ықпалы Секция 4 - Инновациялық білім беру – педагогикалық шеберлікті дамытудың негіздері 2022 жылдың 15 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына секция тақырыбына сәйкес баяндама тезисін, конференцияға қатысуға өтінімді толтырып жіберулеріңізді сұраймыз.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Қатысу формасы: күндізгі, сырттай
Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: Мақаланың көлемі 3-5 бет. Материал Word мәтіндік редакторында бір интервал аралығында Times New Roman-да, қаріптің 12 өлшемінде терілуі тиіс.
Параметрлері: текстің барлық параметрі – 2см, азат жол – 1 см. Кестенің графикалық материалдарында мәтіндегі сілтемелер, реттік нөмірі мен атауы болуы тиіс (мысалы, 1-сурет - сурет тақырыбы). Бастапқы жолдың сол жағында ӘОЖ индексі жазылады. Келесі жолдың ортасында бас әріппен, майлы бояумен баяндаманың тақырыбы, бір жолдан кейін майлы бояумен автордың аты-жөні, келесі жолға курсивпен мекеме, қала аты,келесі жолда автордың E-maіl адресі жазылады. Егер авторлар әртүрлі ұйымдарда жұмыс істесе, онда авторлардың аффилициясы мекеме атының алдына үстіңгі бөлікке санмен көрсетіледі. Конференцияға ұсынылатын мақалада ғылыми зерттеудің өзектілігі, нәтижелері немесе практикалық маңыздылығы ашылуы керек.
№ Секция атауы Жауапты 1 Қазіргі таңдағы химия және химиялық технологияның өзекті мәселелері Камысбаева Алия Кенесбековна kamysbaeva.a@qyzpu.edu.kz @qyzpu.edu.kz
Телефон: +7 775 145 77 21 2
Биология, өсімдіктер физиологиясы, биотехнология және экология салаларының инновациялық жетістіктері Қуандықова Ақбота Бостандыққызы kuandykova.akbota@qyzpu.edu.kz
Телефон: +7 775 306 02 93 3 Географиялық білім беру процесіне география ғылымындағы заманауи тенденциялардың ықпалы Сәрсенбаева Замира Берікбайқызы sarsenbayeva.zamira@qyzpu.edu.kz
Телефон: +7 747 428 61 63 4 Инновациялық білім беру – педагогикалық шеберлікті дамытудың негіздері Диярова Бану Маралбекқызы diyarova.b@qyzpu.edu.kz Телефон: +7 (707) 976 10 90 Ескерту: aталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген уақыттан кешіктірілген материалдар қаралмайды және авторға қайтарылмайды. Конференцияның қорытындысы бойынша ISBN тағайындалған pdf электронды жинағын шығару жоспарлануда. Конференцияға қатысушыларына сертификаттар беріледі. Баяндамамен бірге төмендегідей тіркелу үлгісі жіберілуі тиіс:
Аты-жөні, тегі:___________________________________________
Ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы: _______________________
Оқу орны: ____________________________________________
Телефоны: _____________________________________________
E-maіl:________________________________________
Бағыты (секция): ______________________________
Мақала тақырыбы: ______________________________
Автордың конференцияға келу мүмкіндігі: _____________________
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050000, Алматы қ., Әйтеке би 99, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану институты, Химия кафедрасы, 329 каб. ӘОЖ 541.132 СОКАТАЛИЗАТОРЛАР ҚАТЫСЫНДА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫН ТОТЫҚТЫРЫП КҮКІРТСІЗДЕНДІРУ ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕУ Д. Мұқталы*, Ж.К. Мылтыкбаева, М.Б. Смайыл Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, қ. Алматы. E-mail:dinara.muktaly@mail.ru Аңдатпа (100 сөзден кем емес) Кілт сөздер: (5-7 cөз)
Мақала мәтіні ---------------------------------------------------------------------------------------------- ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ -------------------------------------------------------------------------------------------------- ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Матвеева Е.Д., Зефиров Н.С. Аминокислоты в трехкомпонентном синтезе производных α-аминофосфонатов //ЖОрХ, 2006, Т. 42(8). С. 1254-1255. 2. Матвеева Е.Д., Подругина Т.А., Колесникова И.Н., Зефиров Н.С. Новый синтез а– гидразинофосфонатов //Тезисы докладов, XXI Международная научно-техническая конференция «Химические реактивы, реагенты и процессы малотоннажной химии». Уфа, 2008, Т.1. С. 20-21. 3. Моррисон Р., Бойд Р. Органическая химия. – М.: Мир, 1974. – 1132 c. 4. Пат. 2439072 РФ. Способ получения 2,4,6,8-тетраазабицикло[3.3.0]октан-3,7-диона / Мальков В.С., Князев А.С., Волынец А.А.; опубл. 10.01.12, Бюл. №1. – 6 с. Ұйымдастыру комитеті
Бөлісу: