QyzPU әнұранның мәтіні және әніне байқау жарияламыз!



    • QyzPU әнұранның мәтіні және әніне байқау жарияламыз!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің салтанатты шаралары  кезінде асқақтайтын әнұранның мәтіні және әніне байқау жарияламыз!

      Әнұран университеттің бойтұмары сынды ұран келер ойындарда да достық пен бейбітшілікті, оқу орны миссиясын паш етуге бағыттал­ған шараларда шырқалуға лайықты болуы шарт.

      Талаптары:  

      • Таза қазақ тілінде
      • Әні мен сөзінің үйлесуі
      • Қазақ қыздарының қасиетін ашатын тіркестер келтіру
      • ұлттық рухта ас­қақ­тайтын, әнмен өруге икемді
      • өте шұбалаңқы болмау
      • түсініксіз, көнерген сөздер қолданбау т.б.

      Жалпы, байқау екі кезеңнен тұ­рады. Жұмыстарды қабылдау бүгіннен басталып, үстіміздегі жыл­дың 1 қазанына дейін жалға­сады. 6 қазанға дейін жұмыстарды іріктеу жұмыстары жүреді. Байқау талаптарына лайықты бірнеше жоба 3 қазанда Гоголь көшесі №114, №1 оқу корпусы мәжіліс залында дауысқа салынып, қай автордың туындысы жеңімпаз болатыны анықталады.

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: