ҚазНацЖенПУ-де студенттер арасында қолөнер көрмесі өтеді
-
15 сәуір, 2022
Құрметті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-4 курс студенттері!
2022 ЖЫЛ «БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА» АРНАЛҒАН 2022 жылдың 29 сәуірінде ҚазНацЖенПУ-де студенттер арасында қолөнер көрмесі өтеді.
КӨРМЕНІҢ МАҚСАТЫ:
Студенттер арасында шығармашылық ынтымақтастықты қалыптастыру, барлық студенттерді университеттің қоғамдық өміріне тарту.
КӨРМЕ БАҒДАРЛАМАСЫ:
- Қолөнер бұйымдарын таныстыру;
- Қолөнер бұйымдарын жасау шеберханалары;
- Медиа ресурстарды пайдалану бойынша шеберлік сабақтары.
Шығармашылық қабілеттерімен бөліскісі келетін барлық студенттерді Гоголь 114, 105 кабинет (ескі ғимарат) мекенжайы бойынша Инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту орталығына тіркелулерін сұраймыз.
Тіркеу 2022 жылдың 28 сәуіріне дейін ашық.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ: Инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту орталығы, Студенттермен жұмыс жүргізу бөлімі
Бөлісу: