Наурыз мерекесіне арналған жалпыуниверситеттік концерт өтеді



    • Наурыз мерекесіне арналған жалпыуниверситеттік концерт өтеді

      АЛМАТЫ. 1 СӘУІР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Ертең Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жазғы алаңында Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – думан, наурыз – жыр» атты мерекелік шара өтеді. Концерттік бағдарлама, мерекелік дастархан, ұлттық спорттық ойындармен қатар, мереке аясында балалар жылына орай кең көлемдегі «Бақытты балалық шақ» атты сурет салу сайысы ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар наурыз думанға қоғам қайраткерлері, ардагер ұстаздар, арнайы шақырылған қонақтар, оқытушылар, студенттер мен мектеп оқышулары қатысады. Ұлық мерекені бізбен бірге тойлаңыздар! 

      Басталуы: 12:00

      Мекен-жайы: Алматы қаласы, Гоголь көшесі, 114, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Хан шатыры» жазғы алаңы

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: