Инфо-дайджест: Аптаның айтулы оқиғалары. № 43
-
14 наурыз, 2022
АЛМАТЫ. 14 наурыз. Баспасөз орталығы – 2022 жылғы 9-11 наурыз аралығындағы аптаның айтулы оқиғалары.
10.03.2022
АЛМАТЫ
– Біз QyzPU University студенті атана жүріп, жетістікке жеткен білім алушыларымызбен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға Педагогика және психология институтының 1-курс студенті Нұрзия Назарованы ұсынамыз.
***
– Құрметті достар, Сіздерге жақсы жаңалығымызбен бөлісеміз. QyzPU University студенті Әсел Құтбан АҚШ-тың Техас қаласында өткен «Artivities 2022» Халықаралық өнер конкурсында бірінші орынға ие болды.
11.03.2022
АЛМАТЫ
– QyzPU University-нің студенттік үйлерінде тұратын білім алушыларымыз үшін жақсы жаңалығымыз бар! Тұрғындардың бос уақытын ұтымды өткізу және студенттердің зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында арнайы оқырман залдары ашылды.
***
– QyzPU University кітапханасы ғалымдарымыздың жаңа ғылыми еңбектерімен толығуда. Атап айтқанда, PhD, Биология кафедрасының профессор міндетін атқарушы Анар Қалиеваның авторлығымен монография жарық көрді.
***
– Жемқорлықпен күрес – үздіксіз түрде жүргізілуі міндет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жыл басында өткізген жиынында құзіретті органдарға тапсырмалар міндеттелген болатын. Осыған орай QyzPU профессор-оқытушылары мен студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Қанат Сәлімбаев пен Республикалық «SANALY URPAQ» жобалық кеңесінің басшысы Қайыржан Токушевпен кездесіп, жемқорлықпен күрес және оның алдын алу жөніндегі мәселені талқылады.
***
– Биыл QyzPU University-ға оқуға түскісі келетін талапкерлер үшін маңызды ақпаратты ұсынамыз! Біздің Университетте білім алуды қалайтын биылғы мектеп түлектеріне оқуға түсу шарттары мен QyzPU туралы жан-жақты әрі сенімді ақпарат тарату үшін арнайы рекрутингтік топ еліміздің аймақтарына шықты.
***
– Түркістан, күтіңіз! QyzPU University Сізге бара жатыр! 14-15 наурыз күндері біздің Университет өкілдері қаланың бірнеше мектебінде арнайы презентация өткізеді.
МЕДИА
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: