QyzPU студентінің анықтамалығы
-
02 наурыз, 2022
АЛМАТЫ. 2 наурыз. Баспасөз орталығы – QyzPU студенті пайдалы ақпаратты ұсынамыз. Бұл гайдты өзіңізге сақтап қойып, керек кезде қарауды ұмытпаңыздар. Әсіресе, семестр басталғанда қажет болар деген сенімдеміз.
• ТІРКЕУ ОФИСІ БОЙЫНША
• оқудан шығу, басқа жоо-на ауысу, оқуға қайта қабылдану, бір білім беру бағдарламасынан екінші білім беру бағдарламасына ауысу туралы өтініштер;
• академиялық демалыс алу, академиялық демалыстан оралу;
• диплом жұмысын қорғаудан босату;
• жазғы семестрге тіркелу;
• емтиханға белгілі бір жағдайлармен қатыспаған жағдайда емтиханды жеке тапсыру;
• «ҒХ» бағасын алған жағдайда қайта тапсыру;
• түрлі анықтамалар алу.
Фарида Байменова
Гоголь көшесі, 114, 1 қабат
• ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БОЙЫНША
• академиялық ұтқырлық, қосдипломды білім беру бағдарламалары туралы кеңес беру және құжат қабылдау;
• халықаралық гранттар мен стипендиялар жайлы ақпарат беру;
• білім алушыларға визалық қолдау;
• шетелдік студенттерді тіркеу;
• шетелдік серіктестермен ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлеу.
Рая Әміржанова
Әйтеке би көшесі, 99, 1 қабат, 128 кабинет
• ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕМАҚЫ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША
• студенттерді қаржылық қолдау мүмкіндіктері (оқу ақысына жеңілдіктер, төлемақы бойынша қарызы, стипендия және т.б.);
• оқу және жатақхана төлемақысына байланысты өзге де қызметтер.
Айгерім Исагулова
aigerim_zhanatovna@qyzpu.edu.kz
Әйтеке би көшесі, 99, 1 қабат, 102 кабинет
• МАНСАП, ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША
• түлектерді жұмысқа орналастыру;
• альма-матермен түлектер арасындағы байланысты қолдау;
• мансапты дамыту.
Асылбек Ағымбай
Гоголь көшесі, 114, 1 қабат, 117 кабинет
• АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША
• «UNIVER-2.0» жүйесі;
• QyzPU аймағындағы Wi-Fi.
Азамат Ахметов
Әйтеке би көшесі, 99, 2 қабат, 221 кабинет
• ЖАТАҚХАНА БОЙЫНША
• жатақханаға орналастыруды ұйымдастыру;
• жатақхана ақысын төлеу;
• жатақханадан орын алуға байланысты жеңілдіктер.
Лейла Қасымшалова
Гоголь көшесі, 114, 1 қабат, 127 кабинет
• ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІ БОЙЫНША
• әдебиеттерді таңдауға көмектесу;
• кітапхана қызметіне және оның ресурстарына байланысты сұрақтар;
• электронды каталог жайында кеңес беру.
Бақытжамал Бағашарова
Әйтеке би көшесі, 99, 1 қабат
• ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ
• Оқуға қабылдау шарттары;
• Құжаттарды дайындау рәсімі;
• Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі;
• Ақылы негізде оқу;
• Жеңілдіктер;
• Мемлекеттік гранттарды тағайындау конкурсына қатысу;
• Колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша жан-жақты ақпарат беру.
Назира Әбуова
Әйтеке би көшесі, 99, 2 қабат
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: