QyzPU ғалымдары туралы ақпарат
-
11 ақпан, 2022
АЛМАТЫ. 11 АҚПАН. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Атаулы күнге орай университетте ғылым саласында үздіксіз қызмет атқарып жүрген ғалымдар туралы ақпаратты ұсынамыз.
Ғылым мен гендерлік теңдік тұрақты дамуға қол жеткізу үшін өте маңызды. Дегенмен, әлі күнге дейін әйелдер мен қыздардың ғылымға улес қосу көрсеткіші төмен: әйелдер бүкіл әлем бойынша ғалымдардың 30%-дан азын құрайды.
Университетіміз БҰҰ Бас Ассамблеясының алға қойған мақсаттарын іске асыру жолында ғалым қыздар мен әйелдерге толық қолдау көрсетіп отыр. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қабырғасында ғылым жолында жетістіктерге жетіп жүрген оқытушылар мен студенттер саны жылдан жылға артып келеді.
Солардың қатарында, Мөлдір Абдраимова – PhD, Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы, Қазақстан жас педагог-ғалымдар Қауымдастығының төрайымы. Жас ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 50-ге жуық ғылыми мақаласы жарық көрген. Соның ішінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі комитетінің бекітілуімен ұсынылған журналдарға 16 мақала, SCOPUS базасында 8 мақала, Thomson reutors базасында 2 ғылыми мақала, ғылыми шетелдік басылымдарда 5 мақала, халықаралық және отандық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында 15 мақаласы жарияланған.
Наргиза Балтабаева – PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, «Болашақ» стипендиясының иегері. Жас ғалымның авторлығымен 40-тан астам ғылыми мақала мен 1 оқу құралы және 1 монография жарық көрген. Сондай-ақ ол Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру аясындағы ғылыми жоба жетекшісі.
Айнагүл Ершина – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Ғалымның 100-ден астам ғылыми жұмысы жарық көрген. Оның ішінде 1 монография, 1 оқулық, 7 оқу құралы, 2 әдістемелік нұсқаулығы мен 4 өнертабыс патенті бар. Айнагүл Ершинаның жетекшілігімен 2 ғылым кандидаты мен 20 ғылым магистрі дайындалды. Оның шәкірттері орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстары университеттік, республикалық және халықаралық конференцияларда грамоталармен, дипломдармен марапатталды.
Айгүл Сатбекова – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі. Ғалымның кешенді ғылыми-әдістемелік зерттеуі нәтижесінде халықаралық, республикалық басылымдарда 300-ден аса ғылыми зерттеу және ғылыми-әдістемелік мақаласы жарық көрді. 12 оқулық, 22 оқу құралы, 24 әдістемелік нұсқаулық пен 2 монографияның авторы. Айгүл Сатбекованың бірнеше оқу-әдістемелік кешені ғылыми айналымға түсіп, орта және жоғары мектеп тәжірибесінен сәтті өткізілді.
Жарқынбике Сүлейменова – филология ғылымдарының докторы, профессор. Ғалымның 200-ге жуық ғылыми жұмысы жарық көрген. Оның ішінде монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары, сөздіктер және ғылыми мақалалар бар.
Жұлдыз Базаева – PhD докторанты, Информатика және қолданбалы математика кафедрасының аға оқытушысы, мектеп бағдарламасындағы «Информатика» оқулығының авторы. Жас ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 40-тан астам ғылыми мақала жарық көрген. Соның ішінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі комитетінің бекітілуімен ұсынылған журналдарға 20 мақала, Web of Science базасында 1 мақала, ғылыми шетелдік басылымдарда 5 мақала, халықаралық және отандық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында 15 мақаласы жарияланған.
Дариға Батаева – PhD, Жаратылыстану институты директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Ол – 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Соның ішінде 2 оқу-әдістемелік құралы, Scopus (Q3-Q4) және Web of Science (Q2) мәліметтер базасына енетін ғылыми басылымдарда 4, халықаралық және отандық ғылыми журналдар мен жинақтарда 24 мақаласы жарық көрген. Жас ғалымның Scopus мәліметтер базасындағы индекс h (хиршасы) 2-ге тең.
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: