Университеттің құрылымдық бөлімдері жыл қорытындысын жасады
-
29 желтоқсан, 2021
АЛМАТЫ. 29 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай құрылымдық бөлімдердің жыл қорытындысына арналған жиынға қатысты.
Басқосуда академиялық мәселелер, халықаралық ынтымақтастық, ғылыми кітапхана, ғылым, қабылдау комиссиясы, әлеуметтік мәселелер, қаржы-шаруашылық салалалары бойынша атқарылған жұмыстар жан-жақты баяндалды.
Өз кезегінде Университет ректоры 2021 жылы оқу орнында атқарылған шараларға назар аударып, алға қойып отырған мақсаттарға тоқталды.
Гүлмира Қанай барша ұжымды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Университет дамуы үшін атқарып отырған қызметтеріне табыс тіледі.
МЕДИА
Коммуникация және маркетинг департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: