Университет ректоры Тұңғыш Президент күнімен құттықтады
-
01 желтоқсан, 2021
АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының ұжымы мен білім алушыларын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
Құрметті әріптестер!
Қымбатты білім алушылар!
Баршаңызды Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дербестігін жариялап, азаттығын алған отыз жыл уақыт ішінде елімізді барша әлем таныды. Жаһан жұртшылығына әлеуетімізді паш еттік. Осы жылдары әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалар табысты жүзеге асты. Баянды болашақ, кемел келешекке деген үкілі үміт жалпыхалықтық сенімге ұласты. Бұлардың барлығы да Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы да сарабдал саясатының нәтижесінде жүзеге асты.
Бәсекеге қабілетті қуатты мемлекет қалыптастырудағы Елбасының тұлғасын айшықтайтын мереке ретінде бұл атаулы дата тарих көшіне жалғаса береді деп сенемін.
Баршаңызды егемен еліміздің жаңа тарихындағы маңызы зор мейраммен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, істеріңізге табыс тілеймін!
Құрметпен, Гүлмира Қанай,
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор
Маркетинг және коммуникациялар департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: