Университет қызметкерлері Финляндияда біліктілігін жетілдірді



    • Университет қызметкерлері Финляндияда біліктілігін жетілдірді

      АЛМАТЫ. 30 қараша. Баспасөз орталығы – Университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Еркін Жұманқұлова мен Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің маманы Марина Қабышева Финляндияның ХАМК университетінде біліктілігін жетілдірді.

      Іс-шара Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Назарбаев Университетінің «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту бойынша мұғалімдердің біліктілігін көтеру» бағдарламасы шеңберінде өткізілді.

      Бұл бастама Дүниежүзілік Банктің «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» жобасы бойынша бастау алды.

      Жобаның басты мақсаты – озық шетелдік тәжірибені қолдану арқылы жаңа Ұлттық педагогикалық білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

      Жаңа білім бағдарламасы педагогикалық зерттеуге, педагогикалық практиканы жетілдіруге, инклюзивті білім беруді қолдауға, университеттің мектеппен тиімді байланысын орнатуға бағытталатын болады.

      Біліктілікті арттыру семинар жұмысы екі бағыт бойынша жүргізілді. Теориялық бағытта қатысушылар педагогикалық білім берудегі финдік үлгі, педагогикалық құзіреттілікпен жұмыс істеу, зерттеуге негізделген педагогикалық практиканы ұйымдастыру, арнайы педагогика және инклюзивті білім беру бағдарламаларын дайындаумен жан-жақты танысты. Ал практикалық бағытта қазақстандық мамандар ХАМК университеті жанындағы Виикки педагогикалық мектебінде, Нумми орта мектебінде болып, білім беру ұйымдарының қызметімен танысты. Сондай-ақ Қазақстандағы педагогикалық бағыттағы 30 үздік білім беру бағдарламасын даярлау бойынша жұмыс істеді.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: