Университетте Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының филиалы ашылды



    • Университетте Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының филиалы ашылды

      АЛМАТЫ. 24 қараша. Баспасөз орталығы – Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Алматы облысы бойынша филиалы ашылды.

      Осылайша еліміздегі ұстаздар даярлайтын оқу орны білім беру саласы бойынша көшбасшылық позициясын нықтай түсті.

      Филиалда педагогтер мен мұғалім мамандығында оқитын білім алушылар үшін түрлі бағыттарды қамтитын іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Білім беру, ғылыми-зерттеу бойынша аймақта жүргізілетін жобалар да осында жүзеге аспақ.

      Филиалдың ашылу рәсіміне Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай мен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Президенті Елена Сакенова және өзге де ресми тұлғалар қатысты.

      Еске сала кетейік, бүгін педагогикалық оқу орны Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

      Тараптар алдағы уақытта сондай-ақ ғылыми-әдістемелік және оқу материалдарымен, академиялық ақпаратпен алмасып, бірлесіп конференциялар, вебинарлар, симпозиумдар мен академиялық кездесулер өткізбек.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: