Заманауи оқу орындарымен ынтымақтастық артуда



    • Заманауи оқу орындарымен ынтымақтастық артуда

      АЛМАТЫ. 19 қараша. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті отандық жетекші заманауи жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты арттыруда.

      Алғаш болып Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай бастаған делегация Сулейман Демирель атындағы Университетке арнайы іс-сапармен барды. Басты мақсат – оқу жүйесімен және білім алушыларға жасалған жағдаймен танысу, оқытушылық құраммен тәжірибе алмасу.

      Сапар аясында Гүлмира Қанай СДУ-дың басшылық құрамымен кездесіп, өзара пікір алмасты. Екіжақты тиімді әріптестікке негізделген басқосуда білім берудегі маңызды міндеттер мен болашақта бірлесіп атқарылатын жұмыстар жайы сөз болды.

      Сонымен қатар педагогикалық оқу орнының басшысы СДУ-дың Біліктілікті арттыру және Инновация орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Біліктілікті арттыру және Инновация орталығы мектеп, жоғарғы оқу орындары мен жалпы білім беру ошақтарындағы мамандардың біліктілігін көтеруде семинар-тренингтерді ұйымдастырып, инновациялық жобаларды жасаумен айналысады.

      Ал AlmaU ректоры Гүлнар Куренкеевамен кездесуде тараптар екі университетте оқытылатын білім беру бағдарламалары, профессор-оқытушылар қызметінің маңыздылығы, студенттік ұйымдардың жұмысы, халықаралық серіктестік бағытында бірлесіп жұмыс жасаудың тетіктерін талқылады.

      Өз кезегінде AlmaU басшылығы 80 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетімен ынтымақтастықты арттыруға ниетті екендігін жеткізді.

      Білім – адами капитал сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор. Ал бұл ретте жоғары білім беретін оқу орындарының бірлесіп жұмыс істеуі үлкен маңызға ие.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: