Университетте Студенттік Media Club құрылады



    • Университетте Студенттік Media Club құрылады

      АЛМАТЫ. 29 қазан. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде студенттік Media Club құрылады. Клуб бірнеше бағыт бойынша жұмыс атқармақ.

      Ұйым құрамына қабылданған белсенді студенттер өз Университеттерінің қоғамдағы имиджін көтеруге атсалысатын болады.

      Media Club мүшелері Университеттің Коммуникация және маркетинг департаментінің директоры Жандар Асанмен кездесті.

      Кездесу барысында ұйымның басым бағыттары айқындалып, контент бойынша жоспары белгіленді.

      Media Club-тың мақсаты айқын. Енді оны іске асырған дұрыс. Бұл  ұйым мүшелері бір-бірімен тәжірибе алмасып қана қоймай, кәсіби біліктілігін арттырып, түрлі бағыттағы кездесулерге қатысады. Сондай-ақ білім алушылар Университет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді пайдалану арқылы шығармашылықтарын дамытып, өзара байланысты орнатады. Біз алдағы кезде Media Club-қа мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отыратын боламыз, – деп атап өтті Жандар Асан.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: