«Erasmus+» академиялық алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз



    • «Erasmus+» академиялық алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз

      АЛМАТЫ. 26 қазан. Баспасөз орталығы – Құрметті бакалавриат және магистратура білім алушылары!

      Сіздерді 2021-2022 оқу жылының 2 семестріне арналған (қаңтар-мамыр) Перпиньян Университетіне (Франция) «Erasmus+» академиялық алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз.

      Өтініштерді қабылдау дедлайны: 21.11.2021 ж.

      Толық мәлімет алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://erasmus.univ-perp.fr/fr/

       

      P.S.: «Erasmus+» – Еуропалық Одақтың білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты және спорт жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға бағытталған бағдарламасы.

      Ол еуропалық елдер (Бағдарлама елдері деп аталады) арасындағы, сонымен қатар, еуропалық елдер мен бүкіл әлем бойынша серіктес елдер арасындағы барлық осы салалардағы ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктерін ұсынады.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: