FAQ: Алматы мен кампус аумағындағы өмір туралы білгім келеді



    • FAQ: Алматы мен кампус аумағындағы өмір туралы білгім келеді

      АЛМАТЫ. 25 қазан. Баспасөз орталығы – СҰРАҚ: Сәлеметсіз бе? Менің есімім Мадина. Педагогика және психология институтының 1 курс студентімін. Мен Алматы мен Университетіміздің кампус аумағындағы өмірі туралы білгім келеді.

       

      ЖАУАП: Қайырлы күн, Мадина!

      Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Бұл қала еліміздің ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы. Мұнда көптеген тарихи, мәдени және табиғи орындар бар.

      Сондай-ақ қалада жаяу серуендеуге, треккинг/альпинизм, шаңғы тебу, рафтинг және велосипедпен жүру сияқты спорттық хоббимен айналысуға жағдай жасалған.

       

      Сізге жаңа қаламен танысуға көмектесетін бірнеше ресурсты ұсынамыз:

       

      Біздің Университет – Алматының тарихи әрі саяси-әкімшілік орталығында орналасқан. Университет Сіздің уақытыңызды барынша тиімді пайдалану үшін көптеген ресурстар мен іс-шараларды ұсынады. Біз бүгін Сіздің жаңа үйіңізбен, ондағы әдет-ғұрыптармен және ресурстармен таныстыруды бастаймыз.

       

      Оқу кампустары

      • Бас оқу кампусы: Алматы, Гоголь көшесі 114 к1
      • Тарихи кампус: Алматы, Гоголь көшесі 114
      • Шариповтағы кампус: Алматы, Гоголь көшесі 161

       

      Кампус арасындағы көлік қатынасы

      Сізде кейде екі кампустарда да сабақтар немесе өзге де мәселелер болуы мүмкін. Естеріңізге салайық, Университет оқу ғимараттарының ара қашықтығы өте жақын. Сондықтан да қолайсыздық тудырмайды. Ал көлікпен/таксиде 5/10 минут (+/- 300 теңге) немесе қоғамдық көлікте 7-10 минут уақытты (автобус: №22, №55, троллейбус №1, №12; +/- 80 теңге) алады.

       

      Университеттегі жұмыс кестесі

      • Дүйсенбі: 09.00-18.00
      • Сейсенбі: 09.00-18.00
      • Сәрсенбі: 09.00-18.00
      • Бейсенбі: 09.00-18.00
      • Жұма: 09.00-18.00
      • Сенбі: 09.00-13.00
      • Жексенбі: демалыс

      *жекелеген қызметкерлер мен оқытушылардың жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

       

      Университет кітапханасы

      Жұмыс уақыты:

      • Дүйсенбі-жұма: 09.00-18.30
      • Сенбі: 09.00-13.00
      • Жексенбі: демалыс

      Кітапханада электронды каталогтағы кітаптар, журналдар және басқа да академиялық басылымдар бар. Сондай-ақ компьютер және оқу залдары қызмет көрсетеді.

      Университет кітапханасы туралы көбірек білгіңіз келсе.

      Байланыс телефоны: +7 (727) 233 19 25, +7 (727) 233 18 50

       

      Университет аймағындағы Wi-Fi

      Университеттің аумағы мен барлық нысандарында «kazmkpu.kz» желісі аясында білім алушылар, қызметкерлер мен қонақтар үшін тегін Wi-Fi бар.

      Wi-Fi желісінің бірыңғай паролін студенттер мен қызметкерлерге IT департаменті береді.

       

      Тіркеуші офисі

      Тіркеуші офисі келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:

      • Оқуға қайта қабылдану
      • Ауысу
      • Оқудан шығу
      • Білім беру бағдарламаларын ауыстыру
      • Өзге ЖОО-на немесе басқа ЖОО-нан ауысу
      • Академиялық демалыс алу
      • Диплом жұмысын қорғаудан босату
      • Жазғы семестрге тіркелу
      • Емтиханды жеке тапсыру
      • «FX» алған емтиханды қайта тапсыру

      Байланыс телефоны: +7 (727) 237 00 90

      Тіркеуші офиске қатысты сұрағыңыз болса.

      МЕДИА

      •  
      •  
      •  
      •  
      •  
      •  
      •  
      •  
      •  
      •  
      •  
      •  

      Біз Университетпен таныстыруды жалғастырамыз.

      Жалғасы бар...

       

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: