АЛМАТЫ. 25 қазан. Баспасөз орталығы 2021 жылғы 18 – 22 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

 

18.10.2021

АЛМАТЫ

FAQ: Сәлеметсіз бе? Мен біздің Университеттегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы білгім келеді. Осы бағдарлама арқылы қандай мемлекеттерде оқуға болады? Жансая

*****

АЛМАТЫ

– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай биылғы жылғы еліміздегі басты оқиғалардың бірі – Ұлттық санаққа байланысты пікір білдірді.

*****

АЛМАТЫ

– Қымбатты достар! Біз Университетіміздің танымал түлектерін танытуды жалғастырамыз. Күләш Құнантаева – педагогика ғылымдарының докторы, академик, профессор. 1931 жылғы 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген. 1952 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін үздік бағамен бітірген.

 

20.10.2021

АЛМАТЫ

Жатақханада тұратын студентті не мазалайды? Білім алушылар сабақтан бос уақыттарын қаншалықты тиімді пайдаланып жүр? Осы және өзге де сауалдарға жауап беру мақсатында Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай жатақханада тұратын студенттермен кездесулер өткізуде.

*****

АЛМАТЫ

Отандық ғылым соңғы 30 жылда қандай жетістіктерге жетті? Назарларыңызға тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан ғылымының 10 жетістігін ұсынамыз.

*****

АЛМАТЫ

– Биыл академиялық ұтқырлық шеңберінде Еуропаның бірқатар жетекші жоғары оқу орнына жіберілген студенттеріміздің тізімін жариялаймыз.

 

21.10.2021

НҰР-СҰЛТАН

– Алдағы жылдың қантар айынан бастап 1-сынып оқушыларын цифрлық сауаттылыққа үйрету жұмысы басталады. Сонымен қатар, мектеп бағдарламасына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі.

*****

АЛМАТЫ

– Біздің Университет ғылыми кітапханасының электронды-ресурстық базасы кеңеюде. Біз бүгін кітапхананың кең ресурсты базасымен таныстырамыз.

 

22.10.2021

АЛМАТЫ

– Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жоғары білім беру саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясындағы негізгі түйткілді мәселелер талқыланған басқосуға Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай да қатысып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасымен танысты.

МЕДИА

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz