«UNIVER LIVE»: Академиялық ұтқырлық бағдарламасы дегеніміз не?



    • «UNIVER LIVE»: Академиялық ұтқырлық бағдарламасы дегеніміз не?

       АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Құрметті студенттер! Егер де Сіз біздің Университеттің студенті атана жүріп шетелдің жетекші жоғары оқу орнында білім алуды қалайсыз ба? 4 жыл ішінде екі елдің дипломын алудың жолдарын білгіңіз келе ме? Олай болса «UNIVER LIVE» айдарының келесі қонағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Рая Әміржановамен өтетін кездесуді жіберіп алмаңыз.

      17 қыркүйек күні сағат 15:00-де Instagram желісіндегі @qyzdar_yniversiteti парақшасында өтетін кездесуде спикер академиялық ұтқырлық, қос дипломды білім беру бағдарламалары туралы маңызды ақпараттар береді. Сонымен қатар шетелдік серіктес жоғары оқу орындары жайында да баяндайды.

      Тікелей эфир барысында Рая Әміржанова тақырыпқа байланысты білім алушылар тарапынан түскен сауалдарға да жауап беретін болады.

      Кездескенше, достар!

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz 

      Бөлісу: