Жатақханаға өтініш беру тоқтатылды
-
16 қыркүйек, 2021
АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Құрметті студенттер! 2021-2022 оқу жылында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жатақханаларына өтініш беру жүйесі жабылғанын хабарлаймыз.
Өтініш беру 26 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында жүргізілді.
16 қыркүйектен бастап өтініш берген студенттерге жатақханадан орын беру төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
- Студент «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы «жатақханаға өтініш» деген графаға өтініш толтырып тиісті институт директорының орынбасарына жібереді;
- Директор орынбасары модуль «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы студенттің жатақхана ақысын төлеген анықтамаларын, вакцина паспортын тексеріп жалпы тізімді жинақтайды;
- Жатақхана коменданты модуль «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы тізімді қабылдап, бөлме береді;
- Студент өзінің жеке профайлына кіріп, «UNIVER-2.0» жүйесі арқылы өзіне келген жауапты көре алады.
Егер де Сізде жатақханаға орналасу бойынша қандай да бір сұрақ туындаса өз институтыңыздың директорының орынбасарына хабарласыңыз:
Дариға Батаева – Жаратылыстану институты директорының орынбасары
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 27
Айнұр Суранчина – Қазақ тілі және әлем тілдері институты директорының орынбасары
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00
Байланыс телефоны: +7 727 237 01 13; +7 727 237 01 49
Жадыра Адасқанова – Педагогика және психология институты директорының орынбасары
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00
Байланыс телефоны: +7 727 237 01 61; +7 727 237 01 63
Ғазиза Омарбаева – Физика, математика және цифрлық технологиялар институты директорының орынбасары
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 14; +7 727 237 00 19
Айнагүл Үмбеталиева – Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институты директорының орынбасары
Жұмыс уақыты: 9:00-18:00
Байланыс телефоны: +7 727 231 00 79; +7 727 237 00 80
Маркетинг және коммуникациялар департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: