Университет ректоры халыққа есеп береді
-
14 қыркүйек, 2021
АЛМАТЫ. 14 қыркүйек. Баспасөз орталығы – 21 қыркүйек күні сағат 11:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.
Тікелей эфир Zoom платформасында, оқу орнының Youtube ресми каналында, Facebook және Instagram парақшаларында жүргізіледі.
Университет басшысы өз есебінде Университеттің оқу және ғылыми-зерттеу, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы және педагогикалық оқу орнының алдағы даму жоспары жайында баяндайды.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды келесі байланыс арналары арқылы жолдауларыңызға болады:
- www.kazmkpu.kz интернет-ресурсындағы «Ректор блогына»;
- Instagram желісіндегі @qyzdar_yniversiteti парақшасына;
- Facebook желісіндегі Qyzdar Universitetı парақшасына.
Маркетинг және коммуникациялар департаменті
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05
e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz
Бөлісу: