Гүлмира Қанай ата-аналардың сауалдарына жауап берді



    • Гүлмира Қанай ата-аналардың сауалдарына жауап берді

       АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Өткен сенбі күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орны студенттерінің ата-аналарымен онлайн форматта кездесу өткізді.

       Жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылған жиында университет басшысы 2021-2022 оқу жылының ұйымдастырылу барысы туралы жан-жақты әңгімеледі. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

      Microsoft Teams платформасында 3 сағатқа жуық уақытқа созылған кездесуде жалпы саны 100-ден астам сауал қойылды. Келіп түскен сұрақтардың басым бөлігі жатақханаға орналасу, оқудың ұйымдастырылу форматы жайында болды.

      Жиынды университет ректоры қорытындылап, онлайн форматтағы кездесулерді өткізу дәстүрге айналатынын атап өтті.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz  

      Бөлісу: