Студенттермен тікелей эфирде кездесу өтті



    • Студенттермен тікелей эфирде кездесу өтті

       АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының Педагогика және психология институты, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты және Жаратылыстану институтының студенттерімен тікелей эфирде кездесті.

       Microsoft Teams желісінде ұйымдастырылған онлайн жиында «Жаңа оқу жылы қандай форматта ұйымдастырылады?» «2021-2022 оқу жылында қандай өзгерістер болмақ?», «Жаңа оқу жылында жатақханада кімдер тұра алады?», «Білім алушылар үшін вакцинация міндетті ме?», «Офлайн оқытуға кімдер жіберіледі?» сынды сауалдарға жан-жақты жауап берілді.

      Сонымен қатар кездесу барысында студенттер мен олардың ата-аналарына университет басшылығына мазалап жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауап алуға мүмкіндік берілді.

      Жиынды Қыздар университетінің ректоры Гүлмира Қанай қорытындылап, жаңа оқу жылы қарсаңында осы тақілеттес жиындар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті. Сондай-ақ ол келіп түскен сауалдардың барлығы іріктеліп, жауаптары университеттің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланатынын айтты.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz  

      Бөлісу: