Тағайындау: Жанар Рысбекова



    • Тағайындау: Жанар Рысбекова

       АЛМАТЫ. 25 тамыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры қызметіне Жанар Қасымбекқызы Рысбекова тағайындалды.

      Жанар Рысбекова – заң ғылымдарының кандидаты, құқық магистрі. Ол – «ISO-21500 Жобалық менеджері – Жобаларды басқару» бойынша және «ISO 37001 «Anti Bribery management systems» (Парақорлықпен күрес жүйесінің менеджменті)» бойынша  сертификатталған аудитор.

      Жанар Рысбекова еңбек жолын жоғары оқу орнының оқытушылығынан бастаған.

      Әр жылдары жоғары оқу орнының доценті, профессоры, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің әкімшілік-құқықтық жұмыстар басқармасының басшысы лауазымдарында еңбек еткен.

      2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аса маңызды істер бойынша офицері – кеңес беру орталығының басшысы, 2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры қызметтерін атқарған.

      2018 жылдан қазіргі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және комплаенс орталығының басшысы лауазымында еңбек етті.

      «Құқық тәртібіне қосқан үлесі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің «Құрмет грамоталарымен», «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: