Шартты қабылдау дегеніміз не?



    • Шартты қабылдау дегеніміз не?

      АЛМАТЫ. 5 тамыз. Баспасөз орталығы – Бұл – университетке түсуді келесі жылға қалдырмай, биыл Қыздар университетінің студенті атану мүмкіндігі.

       

      Егер Сіз:

      • шекті балл жинамасаңыз;

      • бейіндік пәндердің сәйкес емес комбинацияларын таңдасаңыз;

      • ҰБТ нәтижелерінің жойылғаны туралы хабарлама алсаңыз;

      Онда Сіз өз уақытыңызды жоғалтпай, биыл ақылы түрде өтініш бере аласыз!

       

      Ол үшін не істеу керек?

      1) құжаттарыңызды Қыздар университетіне тапсырасыз;

      2) ҰБТ -ны мамандықтарға сәйкес бейіндік пәндермен және қажетті шекті баллмен 2022 жылдың 25 тамызына дейін қайта тапсырасыз;

      Ең бастысы – Сіз ҰБТ-ны жыл бойы тағы бірнеше рет тапсыра аласыз!

      Сәттілік!

       

      Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз:

      + 7 727 233 18 52

      +7 701 614 80 48

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

       

      Бөлісу: