Университет ректоры вакцинаның екінші компонентін алды
-
14 шілде, 2021
АЛМАТЫ. 14 шілде. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай «Sputnik-V» вакцинасының екінші компонентін алды.
– Екпенің екінші дозасын қабылдадым. Ешқандай жанама әсерлер пайда болған жоқ. Вакцина алу – өзімізді, әріптестеріміз бен жақындарымызды қорғаудың бірден-бір жолы. Менің ойымша, екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алады, – деп атап өтті университет ректоры.
Гүлмира Әмірханқызы оқу орны студенттері мен ұжымының денінің саулығы үшін баршамыз екпе алуымыз қажет деп санайды. Бұл ретте университет қызметкерлері жауапкершілікті сезініп, мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланғаны жөн.
Ресми мәліметтерге сүйенсек бүгінгі күнге дейін Қыздар университеті ұжымының 88 пайызы вакцинаның бірінші немесе екінші дозасын қабылдаған.
Сонымен қатар коронавирустың таралуын болдырмау және вакцинация жүргізу бойынша Қыздар университеті екпе алған студенттер, профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында ағылшын тілі бойынша ақылы курстарға арнайы ұтыс ойындарын өткізеді.
Ұтыс ойынына осы жылдың маусым және шілде айлары аралығында вакцина алғандар қатыса алады. Қатысушылар арасынан 3 студент, 3 оқытушы және 3 қызметкер арнайы бір айлық сертификаттарға ие болады.
Шілде айында жеңімпаздардың аты-жөндері анықталып, оның нәтижесі жарияланатын болады.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: