Қыздар университеті өзіндік үлгідегі диплом берді



    • Қыздар университеті өзіндік үлгідегі диплом берді

       АЛМАТЫ. 14 шілде. Баспасөз орталығы – Биыл тұңғыш рет Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті өзіндік үлгідегі диплом берді.

      Оқу орнының жеке құжаты мемлекеттік үлгідегі дипломнан аса ерекшеленбейді. Куәліктің түсі мен сыртқы пішіні сол қалпында қалмақ. Алайда, мұқабасында Елтаңбаның орнына білім ордасының логотипі белгіленетін болады.

      Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанайдың бастамасымен алдағы уақытта оқу орнының өзіндік үлгідегі дипломы заманауи талаптар негізінде жетілдірілмек.

       

      Өзіндік үлгідегі диплом беру Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылды.

      2021 жылдың басынан бастап қазақстандық жоғарғы оқу орындары өзіндік үлгідегі диплом бере бастады. Яғни, бұрынғыдай мемлекеттік үлгідегі құжат берілмейді.

       

      Бұл бастама қайдан шықты?

      Дүниежүзі бойынша мемлекеттік диплом тек посткеңестік елдер мен Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде ғана беріледі.

       

      Өзіндік үлгідегі диплом не үшін қажет?

      Егер дипломда мемлекеттік мөр болмаса, үміткерлер мен ата-аналар университет таңдау кезінде мұқият болады. Олар университетті беделіне қарай таңдай бастайды. Осындай жағдайда бәсекелестік пайда болады. Сапалы білім беретін оқу орындарының мәртебесі көтеріледі. Нарықта бәсекеге лайық ЖОО ғана қалады.

      Қыздар университетінің өзіндік үлгідегі дипломында қандай ақпарат берілген?

      - университет атауы;

      - түлектің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      - білім беру бағдарламасының (мамандықтың) коды және атауы;

      - берілетін дәреже (бар болса);

      - оқу нысаны (бакалавриат) және бағыты (магистратура);

      - ЖООКБББ басшының қолы;

      - берілген күні және орны (қаласы) ;

      - дипломның сериясы мен нөмірі.

      - реттік тіркеу нөмірі;

      - институционалдық аккредиттеу жөніндегі аккредиттеу агенттігінің логотипі және атауы;

      - құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін QR коды қолданылады;

      - ЖООКБББ мөрі.

      Қыздар университетінің педагогикалық қайта даярлау туралы сертификаты мыналардан тұрады:

      - ЖООКБББ атауы;

      - тыңдаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      - кредиттер саны;

      - университет басшысының қолы;

      - реттік тіркеу нөмірі;

      - берілген күні;

      - ЖООКБББ мөрі.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: