Университет ректоры Елорда күнімен құттықтады



    • Университет ректоры Елорда күнімен құттықтады

       АЛМАТЫ. 6 шілде. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай оқу орнының ұжымы мен білім алушыларын Елорда күнімен құттықтады.

       

      Құрметті әріптестер!

      Қымбатты университеттің білім алушылары!

      Баршаңызды Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

      Ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістігінің айқын нышаны, басты айшығы.

      Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бірегей әрі тарихи шешімімен бой көтерген жаңа келбеттегі шаһар бүгінде әлемнің ірі саяси, экономикалық, білім-ғылым және мәдени орталығына айналды.

      Осы жылдары Елордада еліміздің барлық аймағынан дарынды да талантты жастар жиналып, бүгінде олар мемлекеттің дамуы жолында әр салада қажырлы еңбек етуде.

      Жаңа астананы салу – кешегі бабалардың аманаты мен арманын орындап, бүгінгі ұрпақтың мүддесін түгендеу.

      Жаңа Елорданы салу – стратегиялық шешім, мемлекеттік философия.

      Бас қаланың өркендеуі – Тұңғыш Президент пен барша отандастарымыздың еңбегі. Осы жылдары Қазақстанның барлық өңірі Елорданың дамуында өз қолтаңбаларын қалдырды.

      Ел жүрегі – Елорда. Мемлекетіміздің кемел келешегі мен жарқын болашағына жол ашатын шешімдер осы жерде қабылданады.

      Арқа төсінде бой көтерген айбынды қала егемен Қазақстан дамуының басты барометріне айналды.

      Астанамыздың архитектуралық сәулеті өзгеше ғимараттары мен заманауи келбетіне әлем жұртшылығы тәнті болды. Жаһандық маңызы зор жиындардың Елордада өтуі оның Еуразия кіндігіндегі ірі саяси және экономикалық орталыққа айналуына ықпал етті.

      Қадірлі достар!

      Сіздерді Елорда күнімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, баянды бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

      Шынайы құрметпен, Гүлмира Қанай,

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор

       

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: