БАҚ пен әлеуметтік желілерге апталық мониторинг: №7



    • БАҚ пен әлеуметтік желілерге апталық мониторинг: №7

       АЛМАТЫ. 2 шілде. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан БАҚ пен әлеуметтік желілерге апталық мониторинг жасады.

      21.06.2021 – 02.07.2021 аралығындағы БАҚ пен әлеуметтік желілерге апталық мониторингті МЫНА ЖЕРДЕН жүктей аласыз.

       

      БАҚ-тағы жарияланым көрсеткіші

      21.06.2021 – 02.07.2021 аралығында халықаралық, республикалық және аймақтық БАҚ-та Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті туралы жалпы саны 73 ақпараттық-имидждік бағыттағы жарияланым жарық көрді. 

      Оның ішінде аталған мерзім аралығында мерзімді басылымдарда 28, сайттар мен порталдарда 45 және радиоларда 3 материал берілді. 

      Имидждік бағыттағы материалдар негізінен 20-дан астам республикалық және халықаралық ақпарат құралдарында тұрақты жарық көрген.

       

      Әлеуметтік желідегі көрсеткіш

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына 21.06.2021 – 02.07.2021 аралығында жалпы саны 543 ақпараттық-танымдық материал жарияланды.

      Бүгінде оқу орнының Facebook, Instagram, Twitter, Telegram, Vkontakte және YouTube желілеріндегі парақшалары мен арнасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде күнделікті ақпарат таратады.

      Аталған желілерге жазылғандардың жалпы саны 10 мыңнан астам адамды құрайды.

       

      Қоғаммен байланыс

      21.06.2021 – 02.07.2021 аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына азаматтар тарапынан жалпы саны 1000-нан астам өтініш пен сауал келіп түсті.

      Барлық сауалдар мен өтініштің 95 пайызы қабылдау комиссиясы мен оқу үдерісіне қатысты болса, 5 пайызы – оқу орнының басшысының атына жолданған лебіздер.

       

      www.kazmkpu.kz ресми интернет-ресурсы

      21.06.2021 – 02.07.2021 аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің www.kazmkpu.kz ресми интернет-ресурсының «Жаңалықтар» категориясындағы ақпараттық контент (жаңалықтар, хабарландыру) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде күнделікті жаңартылып отырды.

      Осы мерзімде сайтқа жалпы саны 96 ақпарат орналастырылды.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: