«Маған деген сенім мен үміт – үлкен жетістіктерге жеткізді»



    • «Маған деген сенім мен үміт – үлкен жетістіктерге жеткізді»

       АЛМАТЫ. 1 шілде. Баспасөз орталығы – Мен есімім – Әлия. Мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бакалавриаты мен магистратурасын бітіргенмін.

      Мен спортпен 10 жасынан бері айналысамын. Бұған дейін «Көкше», «Оқжетпес» және «Барыс» сынды белді спорт командаларының құрамында өнер көрсетіп, шеберлігімді шыңдадым.

      Қол жеткізген нәтиже де жоқ емес.

      2017 жылы Ұлттық Студенттік лига ойындарында «Ең үздік шабуылшы», сол жылы футзалдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында «Ең үздік ойыншы» және 2018 жылы футзалдан VII Қысқы Универсиада ойындарында «Ең үздік шабуылшы» атандым. Сондай-ақ Финляндия, Австрия, Бразилия және Түркия мемлекеттерінде өткен байрақты бәсекелерде ел намысын қорғадым.

      Жас кезімнен футболға деген әуестігім зор еді. Аталған спортқа деген сүйіспеншілігім Көкшетаудағы әйелдер футбол клубына алып келді.

      Бұл спорт түрі бойынша өткен жарыстарда жеңіске деген жігеріміз зор болды. Бұл тұрғыда маған сенім артып, жаттықтырып жүрген бапкерлерім, Қыздар университетінің оқытушыларына үлкен алғысымды білдіремін.

      Осындай нәтижеге жетуіме негізгі себепкер болған сол кісілер.

      Баршаңызға мың алғыс!

      Құрметпен, Әлия Сәдуақасова

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: