Университет ректоратының кезекті мәжілісі өтті
-
29 маусым, 2021
АЛМАТЫ. 29 маусым. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ректоратының кезекті мәжілісі өтті.
Оқу орнының құрылымдық бөлім басшылары, жоғары мектеп декандары мен институт директорлары қатысқан алқалы жиынның күн тәртібінде екі негізгі және 2 әртүрлі мәселе қарастырылды.
Мәжілісті университеттің ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры Нұрғали Аршабеков ашып, жүргізіп отырды.
Жиында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру мен мансап бөлімінің басшысы Әсел Алшынова 2020-2021 оқу жылында университетті бітірушілерді жұмыс орнына алдын-ала бөлу және ауылдық квотамен қабылданған студенттерді бөлу мәселесі туралы баяндады.
Сонымен қатар мәжілісте Кәсіптік білім колледжінің директоры міндетін атқарушы Ғалия Сатанова Кәсіптік білім колледжінің 2020-2021 жылының жылдық есебін берді.
Кеңес жұмысын Нұрғали Аршабеков қорытындылап, күн тәртібінде қарастырылған мәселелер бойынша баяндамашыларға нақты ескертпелерді айтып, оны кеңес талқысына салды.
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: