Университет басшысы БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады



    • Университет басшысы БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады

       АЛМАТЫ. 28 маусым. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады.

      Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!    

      Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

      Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала.

      Медиа саласын дамытуға мемлекет тарапынан әрдайым зор көңіл бөлінеді. Қаламы қарымды, өз ісінің кәсіби маманы болған журналистерге үнемі қолдау көрсетіледі.

      Қыздар университетінде болып жатқан маңызды оқиғалар, білім-ғылым саласындағы тың жаңалықтар, ғалымдардың ғылыми-инновациялық жобалары мен рухани-танымдық тұрғыдағы маңызды ақпараттарды жұртшылыққа дұрыс жеткізу ісінде баспасөз саласы маңызды рөл атқарады.

      Өйткені жалпыға ортақ ақпараттандыру ғасырында нақты ақпарат негізгі басымдық әрі құндылық болып саналады.

      80 жылға жуық тарихы бар қарашаңырақ отандық педагог кадрларын даярлау бағытында бірқатар жұмыстар атқаруда. Ал, бұл ретте университет пен халықтың арасындағы алтын көпір болып жүрген Сіздердің еңбектеріңіз елеулі үлкен екенін атап өткен абзал.

      Біздің ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да өзара тиімді қарым-қатынаста болатынына кәміл сенімдімін.

      Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!  Мереке құтты болсын!

      Құрметпен, Гүлмира Қанай,

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: