Арнаулы және шығармашылық емтихандар қалай өтеді?



    • Арнаулы және шығармашылық емтихандар қалай өтеді?

       АЛМАТЫ. 23 маусым. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіндегі арнаулы және шығармашылық емтихандар қалай өтеді? Оның өткізу тәртібі туралы білгіңіз келе ме? Бүгін осы туралы кеңірек тоқталамыз.

      Арнаулы және шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

      Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

      Ал емтихан 8-13 шілде аралығында өтеді.

      Толық, яғни 4 жыл оқу мерзімін көздейтін талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін (3 жыл) көздейтін талапкерлер бір шығармашылық емтихан тапсырады.

      Шығармашылық дайындықты талап ететін білім бағдарламасы үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

      Толық (4 жыл)  оқыту мерзімдерін көздейтін талапкерлер үшін шығармашылық емтихандар 45 балдық жүйе бойынша бағаланады.

      Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін талапкерлер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

      «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау және арнаулы емтихан өткізу 2021 жылғы 20 маусымнан 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

      «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына түсуші адамдар университеттің қабылдау комиссиясы өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.

      «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілер үшін арнаулы емтихан «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.

       

      Шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлерге арналған консультация кестесін мына жерден жүктей аласыз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

        

      Бөлісу: