Қыздар университетіне түсу үшін қандай құжаттар керек?



    • Қыздар университетіне түсу үшін қандай құжаттар керек?

       АЛМАТЫ. 23 маусым. Баспасөз орталығы – Қымбатты талапкер! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады.

      Бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша дәстүрлі форматта оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдау Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, 1 корпус (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) мекенжайы бойынша орналасқан оқу орнының қабылдау залдарында жүргізіледі.

       

      Қыздар университетіне түсу үшін қандай құжаттар керек?

      • Басқарма Төрағасы – Ректордың атына оқуға қабылдау туралы өтініш;
      • білімі туралы құжат (аттестат/диплом қосымшасымен) түпнұсқа;
      • жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) – 2 дана;
      • 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет (CD дискте электрондық нұсқамен);
      • ҰБТ сертификаты (күндізгі бөлім үшін);
      • мемлекеттік білім беру гранты туралы куәлік (күндізгі бөлім үшін);
      • ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
      • 075-У формалы медициналық анықтама (флюорография суретімен);
      • баланың денсаулығы туралы төлқұжат – 063 (күндізгі бөлім үшін);
      • жеңілдікке құқық беретін құжаттар түпнұсқа мен көшірме (мүгедектер, толық емес отбасы, ата-анасынан айырылған балалар, көп балалы отбасы) (күндізгі бөлім үшін);
      • оқу ақысы төленгені жөніндегі түбіртек көшірмесі (ақылы бөлімдер үшін);
      • конверт (А5);
      • іс-қағаздарды тігетін папка (скоросшиватель).

       

      Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары:

      +7 (727) 233-18-52

      +7 (727) 237-00-73.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: