Қосдипломды білім беру бағдарламасы дегеніміз не?
-
14 маусым, 2021
АЛМАТЫ. 14 маусым. Баспасөз орталығы – Қос дипломды білім беру бағдарламасы дегеніміз не? Қос диплом – бұл Қыздар университетінің шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламасы.
Оқуды сәтті аяқтаған студенттерге қазақстандық және халықаралық үлгідегі екі диплом беріледі.
Бакалавриат студенттері 4 жыл оқудың 3 жылын, магистранттар 2 жыл оқудың 1 жылын Қыздар университетінде және 1 жылын серіктес ЖОО-да өткізеді.
Бағдарлама ағылшын тілінде жүргізіледі.
Серіктестеріміз:
• Миссисипи алқабы мемлекеттік университеті, (АҚШ);
• Катовицедегі Силезия университеті, (Польша);
• Томск политехникалық университеті, (Ресей);
• Нийде Омер Халисдемир Университеті, (Түркия);
• Халықаралық Батыс Лондон колледжі, (Ұлыбритания).
Мамандықтар (бакалавриат):
• АҚШ
- 6В01705 – Шет тілі: екі шет тілі
- 6В01101 – Педагогика және психология
- 6В10201 – Әлеуметтік жұмыс
- 6B01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
• Польша
- 6В01705 – Шет тілі: екі шет тілі
Мамандықтар (магистратура):
• АҚШ
- 7М01201 – Мектепке дейінгі оқыту жəне тəрбиелеу
- 7M01503 – Математика
- 7M01502 – Биология
- 7M01505 – Информатика
- 7M01101 – Педагогика және психология
• Ресей
- 7М05302 – Физика
Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі
Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07
e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com
Бөлісу: