Қыздар университетінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады



    • Қыздар университетінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады

       АЛМАТЫ. 9 маусым. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады.

      Бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша дәстүрлі форматта оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдау Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, Корпус 1 (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) мекенжайы бойынша орналасқан оқу орнының қабылдау залдарында жүргізіледі.

      Талапкерлерден құжаттарды қабылдау барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүзеге аспақ.

       

      Бүгін Сіздердің назарларыңызға оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімімен таныстырамыз:

      – Білімі туралы құжат (аттестат/диплом) қосымшасымен (түпнұсқасы);

      – ҰБТ/КТ сертификаты (түпнұсқасы);

      – 3х4 көлемде 6 дана фотосурет және CD дисктегі электронды нұсқасы;

      Жеке куәлігінің көшірмесі;

      Флюораграфиясы бар 086-У формадағы медициналық анықтама;

      – Баланың денсаулығы туралы төлқұжат (063) (күндізгі бөлімге тапсырушыларға);

      – Жеңілдікке құқық беретін құжаттар (егер бар болса, түпнұсқасы және көшірмесі).

       

      Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары:

      +7 (727) 237-18-52

      +7 (727) 237-00-73.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: